- Басты
- Жаңалықтар
- «Болашақ» бағдарламасы іске асырылған 24 жылда 9 мың маман даярланды
«Болашақ» бағдарламасы іске асырылған 24 жылда 9 мың маман даярланды
Кездесуге Жоғарғы сот төрағасы Қ.Мәми, Астана халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қ.Келімбетов қатысты.
Тағылымдама аясында стипендиаттар ағылшын соттары жұмысының қағидаттарын, сот төрелігі, соттың заң шығару қызметі мен сот үлгілері, халықаралық құқықтық төрелік мәселелерін зерделейтін болады.
Сондай-ақ, Ұлыбритания соттарында, жетекші заңдық және адвокаттық кеңселерінде тәжірибеден өту жоспарланған.
Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова құттықтау сөзінде «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауда Мемлекет басшысы еліміздің әлемдегі ең озық 30 ел қатарына қосылуына бағытталған 5 негізгі басымдықты айқындап бергенін атап өтті.
Басты міндеттің бірі – экономикалық өсімнің жаңа моделінің маңызды бір бөлігі ретінде адами капитал мен білім беру сапасын жақсарту. Еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету және оның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артыру адами капиталдың жоғары білім алу деңгейіне қол жеткізу үшін инвестиция салуды талап етеді.
Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасы іске асырылған 24 жылда 12 271 стипендия тағайындалғанын атап өтті. 9 427 маман даярланып, түлектердің 98%-і жұмысқа орналастырылған. Бүгінде 1 300-ден аса стипендиат білім алуда.
Заң үстемдігін қамтамасыз ету, соның ішінде Ұлт жоспарында белгіленген «Астана» халықаралық қаржы орталығын құру мақсатымен судьялардан, заңгерлерден және қаржыгерлерден құралған жекелеген мақсатты топтар айқындалды.
Соңында Г.Әбдіқалықова тағылымдаманың мамандандырылған бағдарламасынан өту Мемлекет басшысы белгілеп берген Бес институционалдық реформаны табысты іске асыру барысында стипендиаттардың кәсіби біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының 20 жылдағы жетістігі