- Басты
- Жаңалықтар
- Астана Бакумен жан-жақты өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге дайын – Елбасы
Астана Бакумен жан-жақты өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге дайын – Елбасы
Кездесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде саяси өзара іс-қимыл орнату, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынас жайын талқылады.
«Экономика кез келген мемлекеттің негізгі тұғыры болып саналады. Түрлі саладағы, мәселен, көлік-коммуникация саласындағы уағдаластықтар елдеріміз үшін зор мүмкіндіктерге жол ашады», – деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы бірлесе қабылданған мәлімдемеде екіжақты қарым-қатынасты дамытудың стратегиялық жолдары айқындалғанын атап өтті.
«Біз күн тәртібінде тұрған барлық мәселені талқыладық. Қол қоюға дайындалған құжаттар қарым-қатынасымыздың дамуының жаңа кезеңі болып саналады. Мемлекеттеріміз арасындағы тауар айналымының көлемін айтарлықтай арттыруға нақты мүмкіндіктер бар деп есептеймін», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан Президенті республикамыздың Бакумен жан-жақты өзара іс-қимыл аясын кеңейтуге мүдделілігін және ол үшін қажетті әлеует бар екенін айтты. Бұл ретте сауда-экономикалық ынтымақтастық екіжақты қарым-қатынастың локомотиві болып саналады.
«Елімізде Қазақстан азаматы болып саналатын көптеген этникалық әзербайжандықтар тұрып жатыр. Олар Қазақстанда кәсіпорын ашып, бизнеспен айналысып, екі мемлекет арасындағы өзара достық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға септігін тигізетін дәнекер іспетті», – деді Мемлекет басшысы.
Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев келіссөз барысында гуманитарлық байланыстар аясын кеңейту мәселелері қаралғанына назар аударды.
« Студенттер алмасу, екі елдің мәдени күндерін өткізу мәселелеріне тиісті деңгейде назар аудару қажет. Ол мәдени байланыстарымызды жаңа деңгейге көтеруге септігін тигізетін болады», – деді Қазақстан Президенті.
Әзербайжан Республикасының Президенті Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайлануы оның әлемдік аренадағы рөлі мойындалғанының көрсеткіші және Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке беделінің арқасы екенін атап өтті.
«Сіздің өңірлік қана емес, сонымен бірге әлемдік ауқымдағы бастамаларыңыз зор құрметке ие болып келеді. Екіжақты қарым-қатынастың дамуына көңіліміз толады. Бүгінгі сындарлы пікір алмасулар талқыланған көптеген мәселелер жөніндегі ұстанымдарымыздың ұқсастығын көрсетеді», – деді И.Әлиев.
Сондай-ақ, Әзербайжан көшбасшысы екіжақты экономикалық ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.
« Біз екі мемлекеттің инвестиция саласындағы жұмысының қорытындысы бойынша оң нәтижелер бар екенін көріп отырмыз. Бұл шағын және орта бизнес саласының дамуына септігін тигізетін болады», – деді Әзербайжан Президенті.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары қалай жүргізіліп жатыр