- Басты
- Жаңалықтар
- Маусым айынан бастап Астана - Будапешт рейсі іске қосылады
Маусым айынан бастап Астана - Будапешт рейсі іске қосылады
«Бүгін Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдауышысы Wizz Air әуекомпаниясы Астана және Мажарстанның елордасы Будапешт арасындағы жаңа әуеқатынас жолының іске қосылатындығын жариялады. Жаңа әуеқатынас жолы маусым айының 8-ші жұлдызында іске қосылады және аптада екі рет, бейсенбі және жексенбі күндерінде жұмыс істейтін болады. Астана-Будапешт әуебилеттері қазірдің өзінде сатылуда» -деді Мажарстанның ҚР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Андраш Барани.
Өз кезегінде, Мажарстан «Wizz Air Hungary Ltd» әуекомпаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Тамара Валуа болса аталған әуерейсі екі ел арасындағы татулықты нығайта түсеріне сенім білдірді.
«Будапешт Wizz Air-дың басқа бағыттарын аса төмен тарифтермен зерттеуге қалайтын қазақстандық жолаушылар үшін нағыз байланыс орны болып табылады. Себебі Будапешттен шығатын Wizz Air-дың бағдарлы торабы әлемнің 29 мемлекетіне баратын 62 бағыттан тұрады», -деді Мажарстан „Wizz Air Hungary Ltd” әуекомпаниясының коммуникациялар бөлімінің басшысы Тамара Валуа.
Айта кететін тағы бір жайт, «Wizz Air» Орталық және Шығыс Еуропадағы ең ірі лоу-кост әуе тасымалдауышысы болып табылады. Әуекомпанияның флотын Airbus A320 және A321 түрлі 79 ұшақ құрайды. Авиация саласындағы мамандандырылған жетекші басылымдардың бірі «Air Transport World» хабары бойынша Wizz Air 2016 жылдың «Ең үздік әуекомпаниясы» болып табылған.
Ақбота Күзекбай
-
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Жаңа қаулы: «Ashyq» жобасын енгізу және іске асыру -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Шомылу маусымы кезіндегі қауіп-қатер мен өрт қаупін алдын алу шаралары -
Президент тапсырмасы: Елімізде «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі іске қосылды -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды -
Қазақстанда қысқа мерзімді онлайн курстардың бірыңғай порталы іске қосылды -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
ЕАЭО аумағында бірыңғай жұмыс іздеу жүйесі іске қосылады -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
14 маусым - Дүниежүзілік донор күні: Қан тапсыру қауіпті ме