- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан Қытайға қой етін экспорттауды қалпына келтіреді
Қазақстан Қытайға қой етін экспорттауды қалпына келтіреді
ҚР АШМ Бейжіңдегі қытай кәсіпкерлерімен кездесу өткізді. Қазіргі таңда санитарлық ветеринарлық және фитосанитарлық шаралар бойынша келіссөздер жүргізілуде.
«Қазақстандық жеткізушілер ЕАЭО елдері бойынша еркін қозғала алады, олар үшін ешқандай да кедергілер жоқ, сол себепті де ЕАЭО нарықтары таңдалды. Қазақстан, сондай-ақ, өзге елдермен салыстырғанда Қытай нарығында да белгілі бір артықшылықтарға ие. Мәселен, өнім өндірісі көлемінің ауқымды әрі өзіндік құны төмен болатын елдер бар. Экспорттың барынша басымдықты нарықтары ретінде ЕАЭО, ҚХР, Иран және Парсы шығанағы елдері анықталды», - деді ол.
Сондай-ақ, министрлік ҚР СІМ мен ИДМ бойынша бірлескен бұйрықтарды жүзеге асыру бойынша жұмысты бастап кетті.
«Қытай Қазақстанның стратегиялық серктесі болып табылады. Біздің Мемлекет басшылары үнемі экономикалық жағдайдағы өзара тиімді ынтымақтастықты талқылап жүр. Оның ішінде Қазақстанның өңдеу саласын инвестициялау және қазақстандық ауыл шаруашылық өнімін Қытайға экспорттау да бар», - деді Г.Исаева.
Ол айтып өткендей, ҚХР-ға ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу үшін Қытай нарығындағы талаптарға сәйкес, кедергілерді алып тастау жұмысын жүргізу қажет.
Вице-министрдің айтуынша, қазақстандық ветеринарлық қызмет қой еті бойынша ветеринарлық-санитарлық талапқа сай шараларды жүргізуде.
«Екінші жарты жылдықта қой етін экспорттау басталады», - деді Г.Исаева.
Қытай инспекциялық тобы 8 қытайлық маман мен екі ҚХР ведомствосынан құралады.
Айта кетейік, өткен жылдың мамырында қытайлық тарап ветеринарлық қызмет инспекциясын жүргізді, қыркүйекте Қазақстанның 9 облысына кедергілерді алып тастады.
Қайрат Жандыбаев
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»