- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 10 мың түп ағаш отырғызылады
ОҚО-да 10 мың түп ағаш отырғызылады
Жеміс ағаштары Төлеби ауданы, Абай ауылындағы 150 отбасыға тегін таратылды. Сондай-ақ аталған ауылда облыс әкімінің «Шатқал» бағдарламасы аясында аумағы 1 шақырымды құрайтын сайға арық тартылып, ағаш көшеттері отырғызылды.
Жалпы, Кемеқалған ауыл округінде 5 мыңға тарта тұрғын бар. Негізгі кәсібі – мал шаруашылығы. Табиғаты әсем округтің климаты жеміс ағаштарын отырғызуға өте қолайлы. Сондықтан округ тұрғындарына 10 мың түп жеміс ағаштарының көшеттерін демеуші өз қаржысына сатып алып, сыйға тартты.
«Бүгінгі жасалынып отырған шара – Төлеби ауданының даму концепциясында көрсетілген тармақтың бірі. Біз алдағы уақытта демеушілер тарту арқылы ауданымыздағы 14 ауыл округіне қарасты 150-ге жуық елдімекенді көгалдандыру ісімен айналыспақшымыз. Әр отбасы ауласындағы ескірген тал-дарақтарды алып тастап, орнына жаңа жеміс көшеттерін отырғызуы тиіс. Бүгінгі жеміс көшеттері алдағы бір-екі жылда өз жемісін беретін болады», - деді Төлеби ауданының әкімі Бұқарбай Парманов.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді