• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Білім министрлігі 2020 жылға дейін көп тілді оқытуды дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

ҚР Білім министрлігі 2020 жылға дейін көп тілді оқытуды дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынды

31 Қаңтар, 2013 00:00
Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Бақытжан Жұмағұлов 2020 жылға дейін көп тілді оқытуды дамыту бағдарламасын әзірлеуді ұсынды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жүктеген міндеттерді жүзеге асыру үшін, білім берудің барлық деңгейінде көп тілді оқытуды дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын әзірлеу қажет деп санаймын», - деді Б. Жұмағұлов.

Министрдің сөзіне қарағанда, қазіргі кезде Қазақстанда қазақ тілі барлық мектептерде оқытылады, оның үстіне оқушылардың 60 % астамы қазақ тілінде білім алады. Бұдан басқа, 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап мектептерде 1 сыныптан ағылшын тілін оқыту іске қосылуда, отандық ЖОО-да осы бағыттағы тиісті пән педагогтері қазірдің өзінде даярлануда.

Барлық жаңалықтар