• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанның барлық медұйымдарында МӘМС түсіндіру бойынша мобильдік топтар құрылды

Қазақстанның барлық медұйымдарында МӘМС түсіндіру бойынша мобильдік топтар құрылды

3 Сәуір, 2017 17:29
Қазақстанның барлық медұйымдарында МӘМС түсіндіру жөніндегі мобильдік топтар құрылды. Бұл туралы ОКҚ баспасөз мәслихатында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қоғаммен байланыс басқармасының жетекшісі Сұлушаш Қуатжанова мәлімдеді.

«МӘМС   енгізу бойынша ақпараттық-түсіндіру  жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін  бүгінгі таңда елдің әрбір медициналық ұйымында, әр емханада  «бестіктер» құрылды. Олардың құрамына  бас дәрігердің орынбасарлары, екі дәрігер мен екі медбике енді», - деді Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

С.Қуатжанованың  айтуынша, олар халыққа сақтандыру жүйесінің  жұмыс істеуі мен әрбір азаматқа ұсынатын мүмкіндіктерді түсіндірумен айналысады.

«Халық ағыны емхана арқылы өтетіндіктен, халықты ақпараттандыру емхана арқылы жүзеге асырылады.  Оларда азаматтарды қабылдау  бойынша арнайы кабинеттер құрылды», - деді спикер.

Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі айтып өткендей, «бестік» өкілдері  МӘМС мәселелері мен емхананың МӘМС жүйесіндегі мәртебесін анықтауды түсіндіреді, ол  2018 жылдың  1 қаңтарынан бастап халықпен жұмыс істей бастайды.

С.Қуатжанова айтып өткендей, өткен жылдан бастап министрлік  медициналық қызметкерлерді оқытуды жүзеге асырып жатыр.

«Біздің мәлімет  бойынша, 93 мың медициналық қызметкер оқытуларға қатысты, оның ішінде  МҰ жетекшілері – 5 мыңнан астам адам, дәрігерлер  13 мың адам, медбикелер – 38 мың адам. Оқытуды  67  мамандандырылған жаттықтырушылар жүргізеді», - деді спикер. 

Барлық жаңалықтар