Астана әкімдігі ХҚКО сияқты жұмыс істейтін болады

3 Сәуір, 2017 17:06
Елордалық басқармалар мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі жөнінен «бір терезе қағидаты бойынша» форматына көшірілді, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

«Енді қала басқармалары халыққа қызмет көрсету орталықтары сияқты жұмыс істейтін болады. Азаматтардың осында келіп, ресепшн арқылы өздеріне қажет ақпаратты алуына мүмкіндіктері бар», - делінген хабарламада.

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін және кедергісіз қызмет көрсету мақсатында әкімдіктің әкімшілік ғимаратының бірінші қабатында қалалық он бес басқарманың өкілдері тұрақты негізде консультация беріп, азаматтардың өтініштері мен шағымдарын қабылдайды.

Барлық жаңалықтар