- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері Бакуде шағын құраммен келіссөз жүргізді
Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері Бакуде шағын құраммен келіссөз жүргізді
Мемлекеттер басшылары ресми кездесу рәсімінен соң «Загульба» резиденциясында шағын құраммен келіссөз жүргізді.
Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың даму ахуалы мен перспективалары, сондай-ақ күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер талқыланды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Әзербайжан арасында ежелден тарихи және мәдени байланыстарға негізделген дәстүрлі достық сипатындағы екіжақты қарым-қатынас қалыптасқанын атап өтті.
Мемлекет басшысы әлемдік экономикадағы қазіргі кездегі жаңа үрдістер екі ел серіктестігін одан әрі дамытуға тың серпін бере алатынын айтты.
«Әлемдегі дағдарыстық құбылыстар ұлттық экономикамызға айтарлықтай залалын тигізіп жатқанын көріп отырмыз. Сонымен қатар, бұл бірлескен жаңа өндірістер ашып, жасырын мүмкіндіктерімізді пайдалануға жол ашуда. Экономиканы әртараптандырып, инновациялық технологияларға назар аудару қажет», – деді Қазақстан Президенті.
Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықтың барлық саласында өзара іс-қимылды үдету, соның ішінде Қазақстан мен Әзербайжанның көлік-транзит әлеуетін дамыту қажеттігін атап өтті.
«Бұл кездесу елдеріміздің өзара іс-қимылын одан әрі тығыз дамытуға мүмкіндік туғызатын жаңа форматтағы қарым-қатынасымызға тың серпін беруге тиіс», – деді Мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, Қазақстан Президенті екі мемлекеттің халықаралық саладағы өзара түсіністігіне және ұстанымдарының ұқсастығына назар аударды. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев И.Әлиевті 2016 жылғы референдумда Әзербайжан халқының ел конституциясына енгізілетін, президенттің өкілеттік мерзімін ұзартуға бағытталған өзгерістерді қолдағанымен құттықтады.
И.Әлиев ынтымақтастықты одан әрі нығайтып, оның аясын кеңейту жолында Қазақстан Президентінің сапары маңызды екенін айтты.
«Бүгін қол қойылғалы отырған құжаттар екіжақты қарым-қатынасты әрі қарай нығайтуға септігін тигізетініне сенімдімін. Қазақстан біз үшін достас, бауырлас ел болып саналады. Біз бүгінгі кездесуге зор мән беріп отырмыз», – деді И.Әлиев.
Сонымен бірге, Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен жеткен жетістіктерін атап өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды