ОҚО-ның сүт фермасы қуаттылығын тәулігіне 8 тоннаға жеткізді

3 Сәуір, 2017 16:32
Ордабасы ауданындағы сүт-тауарлық фермасы өндірісті жаңғырту шеңберінде швед технологиясы бойынша сауу цехын іске қосып, тәулігіне 8 тонна сүт өндіруге қол жеткізді, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Компания кешені толығымен роботтандырылған. Кешенде бүгінде  408 бас сауын сиыр бар.  Үш мезгіл сауылатын бір ірі қараның тәуліктік орташа өнімділігі 30-32 литрге пара-пар.

Сүт-тауарлық фермасында 6 робот-сауыншы, автоматтандырылған көӊ алғыш құрал-жабдық, жемдеу үстелі, салқындату, метеостанциялы желдеткіш, сиырлардыӊ күйлілігін анықтау камералары, сүт сауу аппараттары бар сүт құбыры орналасқан. Негізгі 400 басқа есептелген кешеннің инвестициялық көлемі 9,4 млрд. теңгені құрайды. Бұл кешен облыста сүт өндірісін жаӊа деӊгейге көтеруге және импорттық өнімге тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, мұнда 6 мал дәрігері, 2 тұяқшы, 2 ұрықтандырушы жұмыс істейді. Сиырлардың құлағында чип орнатылған. Сауын орнына осы чип арқылы кіріп шығады.

Айта кетейік, облысқа жылына 738,4 мың тонна сүт және сүт өнiмдерi қажет деп есептелінеді. Қазіргі күні нақты өндiрiлетiнi – 740,6 мың тонна. Облыс бойынша iрi, орта және шағын сүт өндiрушi 61 агроқұрылым жұмыс iстеп жатыр.

 

Барлық жаңалықтар