• Басты
  • Жаңалықтар
  • Н.Садуақасов: Қостанай облысында Индустрияландыру картасының әрбір үшінші жобасын «БЖК-2020» бағдарламасы қолдайды

Н.Садуақасов: Қостанай облысында Индустрияландыру картасының әрбір үшінші жобасын «БЖК-2020» бағдарламасы қолдайды

19 Желтоқсан, 2013 11:00
Қостанай облысындағы Индустрияландыру картасының әр үшінші жобасы «БЖК-2020» бағдарламасын қамтиды, деп мәлімдеді Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов ОКҚ баспасөз конференциясында.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша оның іске асырылған уақытында 250 заңды және жеке тұлғалларға қаржылай көмек көрсетілген. 210 жобаға 48,4 млрд теңге субсидия бөлінді. Ал 22 жоба 4,9 млрд теңгеге кепілдендірілсе, 45 кәсіпкерлік құны 2,9 млрд теңге болатын инфрақұрылымға қол жеткізді және 20 бастауыш кәсіпкерлікке 44 млн теңгеге кепілдендірілді», - деді әкім.

«4,3 мың жаңа жұмыс орны құрылды, өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек өнімділігі 1,3 есеге ұлғайды. Облысымыз іске қосылған инвестициялық жобалардың саны бойынша республикада екінші орында тұр. Өнеркәсіптегі жаңа өндірістердің қатарында бұған дейін атап өтілгендерден басқа, полиэтилен құбырларын, құрастырмалы темір-бетон конструкцияларын, картон шығаратын зауыттар, май зауыттары бар», - деп хабарлады әкім.

Н.Сәдуақасовтың атап көрсетуінше, ағымдағы жылы жүзеге асырылып, іске қосылған 58 жобаның ішінде бүгінгі таңда 38 кәсіпорын өз жобалық қуатына шығып отыр. Олардағы өндірістің көлемі биыл 42 млрд. астам теңгені немесе өңдеуші өнеркәсіптің жалпы көлемінің 20% құрады.

«Индустрияландыру картасын әрі қарай орындаудың негізгі мақсаты инновациялық жобаларды жүзеге асыру, өндіріске жаңа сапалық деңгейге шығуға және жаңа өнім түрлерін игеруге мүмкіндік беретін замануи жабдықтар мен технологияларды қолданысқа енгізу болады», деп түйіндеді өз сөзін облыс әкімі.

 

Барлық жаңалықтар