- Басты
- Жаңалықтар
- «ҚазАгро» лизингке ауыл шаруашылығы техникасын қалай алуға болатынын түсіндірді
«ҚазАгро» лизингке ауыл шаруашылығы техникасын қалай алуға болатынын түсіндірді
Холдингтен хабарлағандай, бүгінде Қазақстанға бүкіл ауыл шаруашылығы машиналарының жартсынан көбі «ҚазАгроҚаржы» компаниясының қаржылай қолдауының арқасында әкелінген. Тек қана өткен жылдың өзінде-ақ компания жалпы сомасы 50 миллиардтан астам теңгеге 3 000 бірліктен артық техниканы сатып алуды қаржыландырған.
Лизинг негізінде техника мен жабдықтарды сатып алу мүмкіндіктері жөнінде толығырақ білу үшін, «ҚазАгроҚаржы» АҚ орталық офисына, не болмаса оның бүкіл Қазақстан бойынша филиалдарына баруыңызға болады.
Кредит менеджерлері қолданыстағы талаптар, мерзімдері, сыйақы мөлшерлемелері сияқты қызықтыратын барлық мәселелер бойынша Сізге кеңес береді, қаржы лизингісіне техника/жабдық алу үшін жинауға қажетті құжаттар тізбесін ұсынады.
Айта кетерлік жайт, өткен жылдың аяғынан бастап ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтардың лизингісіне арналған сыйақы мөлшерлемесі жылдық 19%-дан 17,3% дейін төмендетілгенін атап өткен жөн. Қаржыландыру мерзімі - 10 жылға дейін, аванстық төлемі – техника құнының 15% басталады. Бұдан басқа, төлемдерді өтеуге 1 жылға дейін жеңілдікті кезең алу мүмкіндігі бар.
Сонымен қатар, «ҚазАгроҚаржы» АҚ техниканы «Беларуста жасалған» бағдарламасы бойынша қаржыландыруды жалғастыруда. Аталмыш бағдарлама бойынша Беларусь Республикасының Үкіметі лизинг шарты жасалатын сәтке Қазақстанда қолданыстағы қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің 2/3 бөлігін өтейді. Бұл бағдарлама қазақстандық субсидияларды да алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Сондай-ақ компания арнайы қаржыландыру бағдарламаларын да іске асырады: «Экспрес-лизинг» бағдарламасы - өтінімдердің жеделдетіліп қаралуын көздейді, «Егінжай» бағдарламасы - техниканы алғашқы лизингтік төлем төленерге дейін алу мүмкіндігін береді, «Қайталама лизинг» - бұрын пайдалануда болған техниканың лизингі.
Қоғамның саясатына сәйкес, жағымды іскерлік беделі, кредиттік тарихы, білікті қызметкерлері бар агроөнеркәсіптік кешеннің субъектісі болып табылатын жеке және заңды тұлғалар қаржыландырылады. Жоба Қоғамның жарғылық мақсаттарына лайықты болуға, сондай-ақ оның болжамды төлеу қабілеттілігі, рентабелділігі мен қаржыландыру мерзімімен салыстыруға келетін өтелу мерзімі болуға тиісті.
Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылғы 1 ақпаннан бастап 2016 жылы жасалған барлық лизинг шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі 19%-дан 17,3% дейін төмендетілді.
Бұдан басқа, 2017 жылы бизнес-процестерді оңтайландыру іс-шаралары жүргізілді, солардың арқасында: лизинг бойынша өтінімдерді қарау мерзімі 8 жұмыс күніне қысқартылып, 18 жұмыс күн болды (түзетуді есепке алмағанда); өтініш пен сауалнаманы есепке алғанда, шешім қабылдау сатысында қарыз алушының тапсыратын құжаттарының ең аз пакеті тоғызға дейін қысқартылды. Бұрын 12 құжат болған.
Егер өтініш беруші үшін белгіленген критерийлерге сай келіп, құжаттардың толық пакеті тапсырылған жағдайда, Қоғам қандай да бір шектеусіз, агроөнеркәсіптік кешеннің барлық субъектілерін қаржыландырады.
Лизингке техника мен жабдық беру кезінде кепіл қажет емес. Ал техника мен жабдық монтажды қажет ететін жағдайларда ғимараттар (нысан) орналасатын жер телімдерімен қоса, лизинг затының монтажы жүзеге асырылатын ғимарат (нысан) кепілзат болып табылады.
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді