- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан алғаш рет конькимен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарына екі лицензия ұтып алды
Қазақстан алғаш рет конькимен мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада ойындарына екі лицензия ұтып алды
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы қазақстандық спортшы Элизабет Тұрсынбаеваны Финляндия елінің Хельсинки қаласында конькимен мәнерлеп сырғанау спортынан өтіп жатқан Әлем чемпионатындағы жетістігімен құттықтады.
«Әлем чемпионатындағы жетістігіңіздің арқасында Қазақстан Республикасы тарихында Олимпиада ойындарына конькимен мәнерлеп сырғанауда екі лицензияға қол жеткізді. Бүгінгі күні балалар мен жасөспірімдер арасындағы конькимен мәнерлеп сырғанауға деген қызығушылыққа өзіңіздің қосып отырған үлесіңіз зор! Бұл ғаламат үлкен жеңіс нағыз қайсарлы қазақ қызының биік белесі, Әлемнің күшті спортшыларының лайықты бәсекесі деп білемін», - деп жазылған ведомство басшысының құттықтауында.
Элизабет Тұрсынбаеваға жолдаған жеделхатында министр спортшыға алға қойған мақсаттарға қол жеткізіп, әлемдік спорттың шыңдарына шыға беруіңе тілектестік білдірді.
Естеріңізге сала кетсек, Элизабет Тұрсынбаева қысқа бағдарламада ол 10-шы орын алса, еркін бағдарламада 8-ші орынды иеленді. Элизабет Тұрсынбаева қыздар арасындағы жекелей сын бойынша алғаш рет қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алып отыр.Қазақстанды алғаш рет Олимпиада ойындарда екі жеке мәнерлеп сырғанаушы таныстырмақ. Осыған дейін Қазақстанды жұппен сырғанауда (Марина Халтурина и Андрей Крюков – 1998), ерлер арасында жеке мәнерлеп сырғанауда (Юрий Литвинов – 1998, Денис Тен и Абзал Рахимгалиев – 2010, 2014) таныстырған болатын.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды