• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қостанай облысында 2013 жылы машинақұрылыс саласының өндіріс көлемі 3 есеге артты

Қостанай облысында 2013 жылы машинақұрылыс саласының өндіріс көлемі 3 есеге артты

19 Желтоқсан, 2013 10:49
Қостанай облысында 2013 жылы машинақұрылысы саласындағы өндіріс көлемі 3 есеге артты, деп мәлімдеді Қостанай облысының әкімі Нұралы Садуақасов ОКҚ баспасөз конференциясында.

«Қостанай облысындағы машинақұрылысы жылдың өнімнің бестен бірін құрайды. Егер 2011 жылы 900 автокөлік құрастырылған болса, 2012 жылы бұл көрсеткіш 2700-ге, ал биыл шамамен 7,5 мыңға артып, 3 еседей өсім көрсеткен. Бұл өнімді өндіру жоспары 2015 жылға 15 мың деп қойылып отыр. Осы саланың ары қарай дамуы автокомпоненттерді әкелу мен орналастыруға байланысты», - дейді әкім.

Сонымен қатар, бұрындары ашылған ауылшуарашылық машиналарын құрастыратын кәсіпкерліктерге қоса «Ssang Yong», «Пежо», «Chance», «Ивеко» маркалы көліктер де осында жинақталмақ.

«Индустрияландыру картасы бойынша құны 101,2 млрд теңге болатын 69 нысан қолға алынды. Жаңадан 4,3 мың жұмыс орны ашылып, еңбек өнімділігі 1,3 есе артты. Облыс инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша республикада 2-орында тұр. Қолға алынған 58 жобаның 38-і өз жұмысын бастап кетті. Өнім өндіру көлемі 42 млрд теңгені құрады. Алдағы уақытта бұл көрсеткіштер өсе беретін болады», - деді Н.Сәдуақасов.  

Облыстағы қолға алынған ауқымды жобалардың қатарында отандық «Nomad» авткөлігін құрастыру жобасы бар. Сонымен қатар, 2014 жылдың сәуір айынан бастап «Тoyota Фортунер» көлігін жасау қолға алынады.

 Айта кетейік, Қостанайда 2011 жылы 900, 2012 жылы 2700 автокөлік құрастырылса, 2013 жылы 7,5 мың көлік құрастырылған. Ал, 2014 жылы 15 мың көлік құрастыру жоспарланған.

Барлық жаңалықтар