- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев ҰҚК-ге Астанада өтетін ірі шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды
Н.Назарбаев ҰҚК-ге Астанада өтетін ірі шаралар кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды
Кездесуде К.Мәсімов Мемлекет басшысына Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өзге құқық қорғау органдарымен бірлесіп, «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне дайындық аясында қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған тиісті шараларды атқарып жатқанын баяндады.
Қазақстан Президенті алдағы уақытта «ЭКСПО-2017» көрмесімен қатар әлемдік деңгейдегі басқа да ауқымды шаралар өтетінін еске салды.
«Биыл бірқатар халықаралық іс-шаралар болады. Мемлекеттер мен үкіметтер басшылары, парламент мүшелері, сондай-ақ шет елдерден және өз елімізден туристер көптеп келеді деп жоспарланып отыр. Осыған орай, сол іс-шаралардың тиісті деңгейде ұйымдастырылуын қамтамасыз ету мәселелерін пысықтау қажет. Ең алдымен қауіпсіздік мәселесіне назар аудару керек», – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы басқа елдерде болып жатқан террорлық актілерге тоқталып, ондай жайттарға жол бермеу үшін тиісті жұмыстар жүргізу, соның ішінде шет елдердегі әріптестермен өзара іс-қимыл орнату қажеттігін айтты.
К.Мәсімов Елбасыға мұндай ауқымдағы іс-шараның қауіпсіз өтуі, сондай-ақ терроризммен және діни экстремизммен күрес Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, басқа да құқық қорғау органдарының ұдайы бақылауында болатыны жөнінде мәлімдеді.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар