• Басты
  • Қазақстанда ЭКСПО кезінде қандай мәдени шаралар өтеді? (ШОЛУ)
1 Сәуір, 2017 12:32

Қазақстанда ЭКСПО кезінде қандай мәдени шаралар өтеді? (ШОЛУ)

Мәдениет және спорт министрлігі ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесінің мәдени-көріністік және спорттық іс-шараларын қамтитын Кешенді бағдарламасының ресми сайтын үстіміздегі жылдың ақпан айында таныстырған болатын.Министрлік Қазақстанның өнер және спорт шеберлері мен талантты жастарының қатысуымен 700-ге жуық мәдени және спорттық іс-шараларды өткізуді жоспарлап отыр. ЭКСПО-2017 мәдени бағдарламасы республиканың мәдени және өнер жетістіктерін халықаралық деңгейде таныстырады.
Қазақстанда ЭКСПО кезінде қандай мәдени шаралар өтеді? (ШОЛУ)

ҚР Мәдениет және  спорт министрлігі бүгінгі таңда спорт пен мәдениет  қазіргі заманда қаншалықты жоғары бағалатындығын көрсететін  бірқатар ауқымды шараларды әзірледі. Айта кетерлігі, мәдени-спорттық шаралардың жалпы шығыны 9 млрд теңгені құрады. Оның  90 пайызы қазақстандық ұжымдардың шараларын өткізуге бағытталған.

Біз ЭКСПО аясында көрермендер назарына ірі әрі әсерлі кешендік шараларды ұсынамыз.

«Этноауыл» Ұлттық мәдени кешені

Қазақ халқының ұлттық дәстүрін кеңінен паш ететін орталық, «Қазанат» ипподромының аумағындағы 2,5 мың ш.м. жерде орналасатын «Этноауыл» Этномәдени кешені болмақ.  Этноауыл  «Қолөнершілер», «Ұлттық дәм орталығы», «Дәстүрлі аң аулау өнері», «Ұлттық ойын және ойын-сауық» сияқты бірнеше секторлардан құралатын болады.

 ЭКСПО көрмесінің күндерінде Этноауылда күнделікті Концерттік алаңда Қазақстан өнер шеберлері мен жұлдыздарының қатысуымен әртүрлі жанрдағы концерттік бағдармалар ұсынылады. Сондай-ақ, осы секторда Өзбекстан, Мажарстан, Ресей, Норвегия, Монғолия, Қырғызстан, Түркия елдерінің әртістерінің қатысуымен «TheSpiritofTengri» жобасының авторларымен бірлесе отырып, «Nomadsway» шарасы көрсетіледі.

 «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының сахнасында 50-ден астам іс-шара өткізіледі. Олардың ішінде дүниежүзіне әйгілі шығармашылық ұжымдар өнер көрсететін опера және балет спектакльдері, халықаралық конкурстар бар.

 Қазақстандық вокалдық мектеп жетістіктерінің арқасында Астана қаласында әлемнің ең таңдаулы вокалдық конкурстарының бірі әлемдік операда аты аңызға айналған Пласидо Доминго негізін салған және оның басты көркемдік жетекшісі болып табылатын «Опералия» опера әншілерінің халықаралық байқауын өткізу мүмкін болып отыр. Іс-шара шығындарын «Rolex» швейцариялық компаниясы қамтамасыз етеді.  

Астанада  La Scala  мен Пласидо Доминго өнер көрсетеді

Қыркүйек айының басында ЛаСкала театры  қазақстандық көрермендердің назарына Ұлы композиторлардың мәңгілік туындылары - Джузеппе Вердидің  «Фальстаф» операсын және Л.Бетховеннің №9 симфониясын  ұсынатын болады. Дирижер ретінде қазіргі заманымыздың әйгілі музыканты Зубин Мета өнер көрсетеді.

Осы жерде, ЛаСкала  гастрольдеріне байланысты барлық шығындарды итальяндық «AGIP» (ENI) мұнай-газ компаниясы есебінен жүзеге асыру жоспарланғанын айтқым келеді. Қазір гастрольдерді ұйымдастыру бойынша тиісті келісімшарттарға қол қою сатысында бірлескен жұмыстар атқарылуда.

Мариин театрының Астанада өнер көрсетуі айтулы мәдени оқиға болмақ. «Астана Опера» театрының сахнасында Дж.Вердидің «Симон Бокканегра» операсы мен Ф.Мендельсонның «Жазғы түндегі түс» балеті көрсетілетін болады. Спектакльдерге Ресей Федерациясының халық әртісі Валерий Гергиев дирижерлік етеді. Балет спектаклінде «Астана Опера» симфониялық оркестрі және Қазақ ұлттық хореография академиясының 25 жас бишісі өнер көрсететін болады.

Ұлттық музейде    Тутанхамона артефактісі мен  Терракот әскері

ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңіндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің бағдарламасыалуантүрлі және өте бай. Ол республикалық және халықаралық деңгейдегі көрмелерді қамтиды.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Қазақстанда алғаш рет «Цинь Шихуанди императордың Терракот әскері» көрмесі өтеді. Көрмеге 50-ге жуық археологиялық бұйымдар: саздан жасалған жауынгерлер, қару-жарақтар, ыдыс-аяқтар, алтын және күміс әшекейлер  ұсынылады.

Бұған қоса, айтарлықтай іс-шаралардың бірі Эрмитаж қорының көрмесі болып табылады, онда ұзақ жылдар бойы Эрмитажда сақталған Шығыс пен Батыс қару өнерінің 200-ге жуық үлгілері ұсынылады. Бұл Турция, Иран, Үндістан, Жапония, Франция, Италия, Германия, Испания және т.б. елдердің соғысқа, аңшылыққа және салтанатты шеруге арналған қарулары. Көрменің хронологиясы XV ғасырдан XIX ғасырдың соғына дейінгі аралықты қамтиды.

Сонымен қатар музейге келушілер назарына Ислам өнері музейі жинағынан Сұлтан Бейбарыстың өмірі мен билік ету тарихына арналған «Сұлтан Бейбарыс және оның дәуірі» (Каир қ. Мысыр) атты көрме ұсынылатын болады.

«Скиф алтыны» атты халықаралық көрмеде Ұлттық музей қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлайтын болады. Көрмеде осы көне халықтың басты мұрасы – бабалардың бірегей түсінігі мен дүниетанымын білдіретін, көшпенділердің қолынан туындаған орындау техникасы мен әсемділігі бойынша қайталанбас бірегей алтын бұйымдары, әйгілі қорған артефактілері ұсынылады

Әлемге танымал балет ашық аспан астында өнер көрсетеді

ЭКСПО-2017 көрмесінің мәдени бағдарламасы шеңберінде ашық аспан астындағы спектакльдер қойылымы айрықша орын алады.

15-16 маусымда Бейбітшілік және келісім сарайының алдында елорда тұрғындары мен қонақтары үшін Дж. Вердидің «Аида» операсының қойылымы өтеді. 25 маусымда министрлік тағы бір ауқымды, өте танымал және күрделі жобаның бірі –Людвиг Минкустың «Дон Кихот» балетін ұсынады.

Сонымен бірге, қазақтың музыкалық мұрасын насихаттау мақсатында 14 шілдеде Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсы қойылады, бұл жоба да айрықша ауқымды болады, ол да Бейбітшілік және Келісім сарайының алдында көрсетіледі деп күтілуде. 

Астанада Азияның мега-жұлдызы Димаш Құдайбергеннің концерті

Димаш Құдайберген шақырады" концерті "Астана Арена" сахнасында 27 маусымда өтеді деп жоспарланған.

Лара Фабианмен және ағайынды Меладзелермен келісім бар, басқа қатысушылармен де келіссөз жүргізіліп жатыр. Басты фигура - Димаш Құдайберген.

«Түрквижн» фестивалі мен «Еуразия» кинофестивалі

2017 жылдың тағы бір айрықша оқиғасы  «TURKVISION» қазіргі заманғы эстрада әндерінің конкурсы болып табылады, оны Астана қаласында тамыз айының аяғында өткізу жоспарланған.

Көрме аясындағы маңызды іс-шара - «Еуразия» Халықаралық кинофестивалі болады. Кинофестиваль бағдарламасы конкурстық және конкурстан тыс бағдарламаларды, питчинг, дөңгелек үстелдер, мастер-класстар, тұңғыш рет өтетін EurasiaFilmMarket кино нарығын және т.б. қамтиды.  

Спорттық бағдарлама

Мәдени іс-шаралармен қатар, ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі кезінде 14 спорттық іс-шараның өткізілуі жоспарланған.

Олардың алтауы әлем чемпионаты, екеуі Азия чемпионаты, үшеуі халықаралық жарыс, екеуі Президент Кубогі және Бүкіләлемдік боксерлар кеңесінің жылсайынғы 55-ші мерейтойлы конвенциясы. Сондай-ақ Қанат Исламның қатысуымен кәсіби бокскешін өткізу мәселесі пысықталуда.

Олардың ішінде қазақ күресінен түйе палуандары арасында «Әлем барысы» әлем чемпионаты, көкпардан және каратэ шинкиокушинкайдан әлем чемпионаттары, теннистен Президент Кубогі, көркем гимнастикадан Азия чемпионаты, 55-ші мерейтойлы Бүкіләлемдік бокс кеңесінің конвенциясы.

Мәскеу қаласында 7 шілдеде басталып, 10-14 шілде аралығында Қостанай, Астана, Семей, Ұржар бағыты бойынша өтетін Автомотоспорттан «Жібек жолы-2017» халықаралық ралли марафонын ерекше атап өткен жөн. Раллиге әлемнің 50 елінен 1,5 мыңнан астам адам қатысады.

Айта кетейік, «ЭКСПО-2017 көрмесі аясындағы кешенді бағдарламаны жүзеге асыру нәтижесінде әлемдік аренада Қазақстанның оң имиджінің қалыптасуына ықпал етіліп, Қазақстанның ұлттық мәдениеті мен дәстүрін халықаралық деңгейде насихаттауға үлес қосады.

Ақбота Күзекбай   

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды