- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкенттегі кілем фабрикасы экспорт көлемін 30 пайызға арттырды
Шымкенттегі кілем фабрикасы экспорт көлемін 30 пайызға арттырды
Бүгінде компания өнімдерін Ресей, Қырғыстан, Тәжікстан мен Азербайджан сынды елдерге экспорттауда.
Жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқып, 4 мың тонна полипропиленді кілем түгі жібін өндіруге мүмкіндігі бар фабрика өткен жылы 3 млн. шаршы метр кілем шығарды. Салынған инвестиция көлемі 1,7 млрд. теңге болатын фабрикада 240 адам жұмыс істейді.
Фабрикада өндірістік қуаты тәулігіне 9 мың ш.м дейін кілем тоқитын «Van De Wiele» фирмасының 7 станогы, полипропилен жіптерін иіретін соңғы үлгідегі Франция мемлекетінде жасалған «SUPERBA», Германия мемлекетінде жасалған «AlmaVolkmann» және «OerlikonNeumag» орнатылған.
Кілемдер синтетикалық пропилен жіптерінен дайындалады. Полипропилен немесе қысқартып айтқанда BCF жібі қолданысы ең көп таралған материал болып табылады. Ол жіптің ерекше қасиеттерінің бірі –оның ширатылмайтындығы. Яғни, иірілмеген жіп кілем тоқудағы шығынды мүмкіндігінше азайтады, соның арқасында, кілем шығарудың жұмысын жеңілдетеді.
Фабрикада «Бал текстиль» брендімен мың түрлі кілем тоқылып, «BCF», «Heat-Set», «Frize» маркалы полипропилен жіптері иіріледі.
«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан кілем фабрикасы қазақстандық кәсіпкерлер мен кілем шығаратын «Kartal Carpets» атты түрік компаниясымен бірігіп 2013 жылдың қазан айында іске қосылған.
Нәтижесінде, өндірілген өнімдердің жоғары сапасы мен тиімді бағасы, алуан түрлі дизайндық үлгі топтамаларының арқасында фабрика ұжымы 2014 жылы республикалық «Алтын Сапа» конкурсында «Халық тұтынатын ең үздік тауар аталымы» бойынша екінші дәрежелі дипломмен марапатталды. Ал 2016 жылы Женевада өткен Халықаралық BID сапа конкурсында «GOLD» номинациясының иегері атанды.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ҰЭМ: Қазақстан экономикасы 3 пайызға өсті -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Елордада орта есеппен күн сайын 300 адам ауруханаға түседі -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қанша пайызға қымбаттады -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті