ШҚО-да Мұқыр арқылы өтетін көпір жыл соңына дейін жөнделеді

3 Сәуір, 2017 08:49
Семей-Қайнар автожолындағы Мұқыр өзені арқылы өтетін көпір жөнделеді, деп хабарлады ШҚО ақпараттық орталығы.

Мұқыр өзені арқылы өтетін көпір республикалық  маңыздағы   Семей-Қайнар  автомобиль жолынан  27 шақырым жерде   орналасқан.

Ауыр салмақты жүкті  тасымалдау санының  артуы   көпірдің құрылымдық элементтеріне нұқсан келтіріп, апаттық жағдайды тудырды. Қазіргі таңға дейін   көпір бойынша қозғалыс тоқтатылды, автокөліктер уақытша айналма жолмен  жүріп жатыр.

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Шығыс Қазақстандық филиалы көпірдің күрделі жөндеуіне жобалық-сметалық құжатнаманы әзірледі. Бүгінгі таңда  көпірді жөндеу бойынша  жұмыс жобасы «Мемсараптама» РМК-де қаралуда.

Күрделі жөндеуді биыл аяқтау  үшін  республикалық бюджеттен қаржы бөлу жоспарлануда.

 

 

Барлық жаңалықтар