- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік басталды
Қазақстанда мектепте тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде онкүндік басталды
Шараның мақсаты – дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жөнінде халықтың, әсіресе мектеп жасындағы балалардың сауаттылығын арттыру, оқу орындарында оқушылардың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жағдай жасауға ықпал ету болып табылады.
Дұрыс тамақтану – бұл адамға қажет барлық заттарды қамтитын жақсы сәйкестендірілген тағам. Тұрақты дене жүктемесімен үйлесіп ол жақсы денсаулықтың негізін құрайды. Дұрыс тамақтанбау иммунитеттің төмендеуіне, физикалық және психикалық дамудың бұзылуына, сондай-ақ өмірлік белсенділіктің төмендеуіне әкеледі.
Осыған байланысты, онкүндік аясында республиканың медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарында бейінді мамандарды, диетологтарды тартумен, дұрыс тамақтанудың маңыздылығы жайында оқушылар, ата-аналар үшін консультациялар ұйымдастырылуымен ашық есік күндері өтеді. Іс-шаралар барысында қант деңгейін және қандағы холестеринді, Кетле индексін анықтауға болады. Дұрыс тамақтану мәселелеріне арналған тренингтер және әңгімелер өткізумен денсаулық мектептерінің жұмысы жандандырылмақ.
Профилактикалық шаралардың негізгі құрамдас бөлігі – жасөспірімдердің денсаулық деңгейіне мониторинг жасау және медициналық көмек көрсетуді жақсарту, мектепте және отбасында тәуекелдерді алдын-алу тетіктерін енгізу үшін жағдай жасау.
Онкүндікті өткізу – халықтың дұрыс және рационалды тамақтануы туралы сауаттылығын арттырып, оқушылардың бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға, денсаулық көрсеткіштерін жақсартуға ықпал етеді.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды