- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да неміс машинасын құрастыратын зауыттың филиалы ашылуы мүмкін
ОҚО-да неміс машинасын құрастыратын зауыттың филиалы ашылуы мүмкін
Қазақстан мен Германия арасында сауда-экономикалық ынтымақтастық қарым-қатынас жоғары. Германия Еуропалық одақта Қазақстанның басты серіктесі болып табылады. Ал, Оңтүстік Қазақстанда бүгінде германиялық кәсіпкерлердің қатысуымен инвестиция көлемі 52 млрд. теңге болатын 3 жоба жүзеге асырылуда.
Екі елдің экономикасының әр түрлі саласында ынтымақтастық орнату мен дамыту мәселелерін талқылау мақсатында өңірге келген мәртебелі меймандармен облыс әкімі Ж.Түймебаев кездесті.
«Бүгінде мемлекет шетел инвесторларына көптеген мүмкіндіктерді қарастырып отыр. Ал ауыл шаруашылығы мен шағын кәсіпкерлік саласы жолға қойылған Оңтүстік Қазақстан инвестиция салуға қолайлы өңір болып табылады. Екі жақтың ынтымақтастығын арттыру, қазақ-неміс кәсіпкерлері тәжірибе алмасып, серіктес болуға мүмкіндік тудыратын бизнес-форум өткізу қажет. Германияның түрлі салада тәжірибесі мол екенін ескере отырып, белсенді байланыс орнатуға ниеттіміз»,- деді Ж.Түймебаев.
Сонымен қатар, әкім Германияның бас консулына Түркия еліндегідей немістің екі автошина шығаратын зауыты мен «Merсedes» маркалы ауыр жүк көлігін (ФУРА) шығаратын машина құрастыратын зауытының филиалын Оңтүстік өңірінде де ашуды ұсынды.
Бас консул өз кезегінде неміс компаниялары Оңтүстік Қазақстан облысын дамытуға арналған әртүрлі жобаларға қатысуға дайын екендігін айтып, екі ел арасындағы ынтымақтастық берік, әрі сенімді әріптес екенін жеткізді.
«Сапар барысында неміс кәсіпкерлерін көптеп тарту үшін оларға қызықты болып табылатын өңірдің инвестициялық мүмкіндіктерін таразылау мақсатында индустриалды аймақтардың жұмысымен таныстым. Оңтүстік Қазақстан облысы мен оның орталығы Шымкент қаласы Германия үшін Қазақстанның басқа облыстарымен салыстырғанда маңызды өңір болып табылады. Себебі, күнгей аймақ халқының тығыз қоныстанғандығымен ғана емес, экономикалық жағынан өте дамыған аймақтардың бірі болып табылады. Мұнан бөлек, Қазақстан мен Германия осы жылы қос ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнатылғанына 25 жыл толуын атап өтпек. Сондықтан, Қазақстан сауда-экономикалық жағынан Германияның Орта Азиядағы сенімді стратегиялық серіктесі болып табылатынын айта өткім келеді» –деді Йорн Розенберг.
Тараптар барлық қызығушылық танытатын мәселелер бойынша тұрақты ақпаратпен алмасу және ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықты барынша арттыру туралы уағдаласты.
-
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
COVID-19: Молдовада карантиндік шектеулер күшейтілуі мүмкін, ал Черногорияда ковидпен ауруханаға түскендердің саны артуда -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
«Әрекет» жобасының ерекшеліктері мен мүмкіндіктері -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
ҰБТ-2021: Электронды форматтың артықшылықтары мен мүмкіндіктері -
Е.Өстеміров: Тексерулерге енгізілген мораторий жемқорлық қатерлерін азайтуға мүмкіндік береді -
«Kazakhstan Project Management Awards 2021» байқауы: Мүмкіндіктері мен артықшылықтары -
Білім саласындағы 5 әлеуметтік жоба: Бағыты, ерекшелігі және мүмкіндіктері