- Басты
- Лондонда Ұлыбританияның ЭКСПО-2017-дегі павильоны таныстырылды
Лондонда Ұлыбританияның ЭКСПО-2017-дегі павильоны таныстырылды

Іс-шарада сөз алған Елші Е. Ыдырысов британ тарапын Қазақстанға «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін өткізуде қолдау көрсеткені үшін алғыс білдіріп, Лондонның аталған іс-шараны ұйымдастыруға және ілгерілетуге қосқан маңызды үлесін атап өтті.
Ұлыбритания өзінің «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуын құптаған, Ұлттық комиссарын тағайындаған және өз павильоны дизайнының тұсаукесерін өткізген алғашқы елдердің бірі. Біріккен Корольдіктің бұл жаһандық форумға қатысуы оның Қазақстанмен ұзақ мерзімді серіктестік құруға және оны дамытуға бейілділігінің айғағы.
Елші Е. Ыдырысов Қазақстанның мұндай халықаралық көрмені өткізетін Орталық Азиядағы және ТМД-дағы тұңғыш мемлекет болатындығын этап өтті. «ЭКСПО-2017» біздің еліміз үшін тарихтағы аса маңызды жаһандық форумдардың бірі болады. Көрме аясында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының және Ислам Ынтымақтастық Ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі саммиттерін, көрмеге қатысушы елдердің ұлттық күндерін, түрлі министрлік форумдарын, барлығы 3 мыңнан астам мәдени және спорттық іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр.
Өз кезегінде Сауда және инвестициялар Мемлекеттік министрі, Қазақстан-Ұлыбритания ҮАК тең төрағасы Г.Хэндс екі ел арасындағы қатынастардың жоғары деңгейде дамып келе жатқандығына баса назар аударып, іс-шараға қатысушыларды осы жылғы 13-16 сәуірде Лондон алаңдарының бірінде өтетін Қазақстанның «Керуен-ЭКСПО-2017» роудшоуына қатысуға шақырды. Г. Хэндс «Астана ЭКСПО-2017» Британияға оның соңғы технологиялық және инновациялық жаңалықтарын барша әлемге көрсететуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Сонымен бірге, Ұлыбританияның «ЭКСПО-2017» Ұлттық комиссары Ч.Хендри де британ тарапының көрмені Қазақстанмен және көрмеге қатысушы елдермен бизнес саласындағы ынтымақтастықты дамытуға арналған айрықша мүмкіндік екендігін тілге тиек етті.
Ұлыбритания атынан «ЭКСПО-2017» көрмесіне Лондондық Ситидің лорд-мэрі Эндрю Пармли және Корольдіктің Сауда және инвестициялар Мемлекеттік министрі Г. Хэндс қатысатын болады.
«ЭКСПО-2017» көрмесіндегі британдық павильонның тақырыбы - «Біз Энергиямыз». Павильон аумағы 1,100 шаршы метрді құрайтын көрмедегі аса ірі нысандардың бірі болады. Павильон оның бас дизайнері Асиф Ханның шешімі бойынша қазақтың киіз үйі пішіндес болмақ. Павильонда көрме қонақтары Ұлыбританияның тарихи ашуларымен танысу мүмкіндігіне ие болады. Болашақта энергияны өндіру және қолдану жолын түбегейлі өзгертуге қабілетті материал - графенді жұртшылыққа таныстыру - павильонның шарықтау шегі болмақ.
-
Елордада «Ұлы дала құндылықтарының» концепциясы таныстырылды
-
Медиа-қоғамдастыққа журналистерді аккредиттеудің жаңа ережелерінің жобасы таныстырылды
-
COVID-19: Әлемдегі эпиджағдай күрделі. Лондонда, Мәскеуде карантин шаралары күшейтілді
-
Елордада үнділік саридің 33 түрі таныстырылды
-
Сенаторларға мемлекеттік кірістер саласындағы жаңашылдықтар мен өзгерістер таныстырылды
-
CSI: Елордада Жаңа экономикалық саясат тұжырымдамасы таныстырылды
-
Заманауи қазақ әдебиетінің араб тіліндегі антологиясы Каирде таныстырылды
-
Шанхайда қазақстандық өнімдер таныстырылды
-
Мәжілісте Халық денсаулығы туралы Кодекс таныстырылды
-
Мәскеуде заманауи қазақ әдебиетінің орыс тіліндегі антологиясы таныстырылды
-
Британияда заманауи қазақ әдебиетінің ағылшын тіліндегі антологиясы таныстырылды
-
Нұр-Сұлтанда Әкімшілік рәсімдік-іс жүргізу кодексінің жобасы таныстырылды
-
Лондонда «Астана Балет» театрының гастролі аяқталды
-
Ақтөбе облысының жаңа әкімі таныстырылды
-
Орталық Азия басшыларына АХҚО таныстырылды

