- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның үш облысында «Бекіре-2017» акциясы басталды
Қазақстанның үш облысында «Бекіре-2017» акциясы басталды
Балық қорғау шараларының тиімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылығы министрлігі мен ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті арасында «Бекіре» балық қорғау акциясын өткізу туралы» келісім орнатылды, Үйлестіру кеңесі мен бірлескен шаралар тізімі бекітілді.
Үйлестіру штабының басшылығы болу АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне жүктелді. Ал, комитеттің облыстық инспекциялық үйлестіру шараларын өткізу мен ұйымдастыру бойынша жұмыс органы болып сайланды.
Акция аясында браконьерліктің орын алуы ықтимал аймақтарда стационарлық және көшпелі посттар мен мобильдік рейд топтары жасақталды. Биыл барлық күш Каспий жағалауы мен Жайық, Қиғаш өзендерінің жағалауына жұмылдырылады.
Сондай-ақ, мобильдік рейд топтары «Ақжайық» табиғи мемлекеттік резерваторы аймағын инспекциялауға жіберіледі.
Оған қоса, Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Ақтөбе және Орал қалаларында балық өнімдерін заңсыз сатуға бақылау жүргізіледі.
Айта кетерлігі, 2014-2021 жылдарға арналған ҚР АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында браконьерлікпен күресу жүйелік шешімі бойынша балық пен балық өнімін автоматтандырылған жүйесін енгізу қарастырылған.
Мониторингтің автоматтандырылған жүйесі автоматтандырылған рұқсат беру құжатымен ықпалдастырылады, бұл шара балықтың заңды түрде келгеніне күмән тудырса, бірден құжат беруді тоқтатады.
Сондай-ақ, браконьерлік үшін жаупкершілікті күшейтуді арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы