- Басты
- Жаңалықтар
- «Ла Скала» театры ЭКСПО кезеңінде Астанада өнер көрсетеді
«Ла Скала» театры ЭКСПО кезеңінде Астанада өнер көрсетеді
«Театр құрамында оркестр, хор, солистер өнер көрсетеді, оған қоса техникалық құрам бар. Бас дирижер әлемге танымал Зубин Мета болмақ. Бұл біз үшін үлкен қуаныш, себебі опера және классикалық өнер саласындағы үздік дирижер біздің елде өнер көрсетеді», - деді А.Мұхамедиұлы.
Министрдің айтуынша, 1-10 қыркүйек аралығында Астана Опера мен Ла Скала театрлары арасында келісім орнатылды. Ла Скала қазақстандық көрерменге сазгер Джузеппе Вердидің «Фальстаф», Л. Бетховеннің №9 симфониясын ұсынады.
«Ла Скала театрының барлық шығынын «ENI» компаниясының тобы жабады. Аталмыш компаниямен 100 пайыздық келісім орнатылды. Айта кетерлігі, «Ла Скала» театры Ресейден өзге посткеңестік кеңістікте алғаш рет өнер көрсетеді», - деді ведомство басшысы.
А.Мұхамедиұлы айтып өткендей, итальяндық театр ұжымын Астана Опера театры қызықтырып отыр. Оған қоса, елордада «Опералия» опералық әншілердің халықаралық байқауы өтеді.
«Біз «Астана Опера» театры әлемдік жұлдыздардың назарын аударып жатқанына қуанамыз. ЭКСПО аясында «Опералия» байқауының қорытынды бөлігін өткізеді. Оның көркем жетекшісі Пласидо Доминго. Осы орайда айта кедерлігі, «Опералия» байқауының шығындардың 70 пайызын «Rolex» демеуші компаниясы өтейді», - деді А.Мұхамедиұлы.
Министр айтып өткендей,халықаралық байқау билеттері сатылымда, қазірдің өзінде сатылған билет саны 300-ді құрады. Бұл орайда ол Ла Скала театрына билет сату әлі басталмады, себебі билет құнын негізгі серіктеспен келісу керек. Жақын арада , келесі аптадан бастап билеттерді сатып алу мүмкіндігі туады.
«Астанада Мариин театрының қойылымы өтеді. Аталмыш театр Қазақстанға екі мәрте келді. Бұл жолы Дж. Вердидің «Симон Бокканегра» операсы мен Мендельсонның «Сон в летнюю ночь» балетін паш етеді. Театр дирижері - Валерий Гергиев. Шығындарды театрдың демеушісі RNS компаниялар тобы өтейді», - деді спикер.
Министрдің мәліметінше, барлық шаралардың жалпы шығыны 9 млрд теңгені құрайды.Бұл соманың 90 пайызы қазақстындық ұлттық ұжымдардың шығынын өтейді.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Әскери-қорғаныс өнеркәсібінің даму перспективалары -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
Еліміздегі опера және балет өнерінің дамуы -
Тәуелсіздкке 30 жыл: Орта Азия елдерінің театрлары өнер көрсетеді -
АШМ: Экспорт, АШ өнімдерінің көлемі және феpмеpлеpдi қолдау шаpалаpы -
ИИДМ: Өңдеу өнеркәсібі, машина жасау, теміржол көлігінің дамуы және тұрғын үй саласы -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
ЕАЭО: Қазақстандық экспорт өсімі, бюджетке келген пайда және көлеңкелі экономика -
Ауылды дамыту: Мәдениет, өнер және спорт саласындағы өзгерістер