- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ҚР мен Корея қарым-қатынасының 25 жылдығына арналған концерт өтті (ФОТО)
Астанада ҚР мен Корея қарым-қатынасының 25 жылдығына арналған концерт өтті (ФОТО)
«Биыл Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастың 25 жылдығы аталып өтуде. 1992 жылы дипломатиялық қарым-қатынас орнатылғаннан кейін Қазақстан мен Корея арасындағы байланыс саяси, экономика және өзге салалар бойынша дами түсті. Ынтымақтастықтың 25 жылдығынан кейін Корей Республикасының Үкіметі қарым-қатынастың деңгейін арттыру жолында жұмыс істейді», - деді Кореяның Қазақстандағы Тұрақты әрі өкілетті елшісі Чо Ёнг-чон.
Елші, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерді атап өтіп, Кореяның Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысатындығын айтты.
«Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Президент Н.Назарбаевтың төрағалығымен саясат, экономика, спорт және мәдениет салаларында ұлттық әрі халықаралық деңгейде жетістікке жетті.Барша әлем Қазақстанның толағай табыстарын жоғары бағалайды деп ойлаймын»,- деді елші.
Аталмыш шараны мерекелеу барысында Астанаға «Guqak» Кореяның дәстүрлі өнерінің Ұлттық орталығы келді. Орталық қазақстандық көрерменге корейлік ұлттық ән мен биді паш етті.
Музыка мен би қазіргі заманғы «K-music» және «K-dance» стилінде ұсынылды.
Концертке «National Gugak Center» Ұлтық орталығының музыка және би ұжымдары, «Traditional Performance Group Kkokdusoe» дәстүрлі өнер тобы мен «MB Crew» брейк-данс тобы және Астана әкімдігінің «Наз» Мемлкеттік би театры қатысты.
Қайрат Жандыбаев
Фото: автор
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері