- Басты
- Жаңалықтар
- Жеңіс күніне орай Астана көшелерінде «Жаужүрек полкі» өтеді
Жеңіс күніне орай Астана көшелерінде «Жаужүрек полкі» өтеді
Шараның басты мақсаты – 1941-1945 жылдары соғысқа қатысқан азаматтардың ерлігін естен шығармау және өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, бейбіт күннің қадірін түсінуге тәрбиелеу.
«Жаужүрек полкі» жалпыхалықтық азаматтық бастамасы 2012 жылы пайда болды. Қозғалыстың негізгі мақсаты – екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ардагерлердің ерлігін естен шығармау. Ал Астана қаласындағы «Жаужүрек полкі» Кеңесі 2014 жылы құрылды, оның құрамына еріктілер, ардагерлерге құрмет көрсете білген еліміздің белсенді азаматтары кіреді.
2015 жылы Астанада Жеңістің 70 жылдығына арналған шеруге 1500 адам, ал 2016 жылы 7000-нан астам адам қатысқан болатын, олар ардагерлердің портреттерін қолдарына ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті.
Бүгінде «Жаужүрек полкі» – бұл әлемнің 60 мемлекетін біріктіретін халықаралық шеру. «Жаужүрек полкі Астана – әлемдік марш» шеруіне қатысушыларды жинау 2017 жылы 9 мамыр күні сағат 12.30 басталады. Шеру «Қазақ елі» монументінен басталып, «Отан қорғаушылар» мемориалында аяқталады. Биыл шеру 2,5 шақырымға ұзартылды.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Арқа төріндегі Арайлы астана жылнамасы -
Тоқаев саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай үндеу жариялады -
Бұқаралық спортты дамыту, цифрландыру және 30 жылдыққа орай ұйымдастырылатын шаралар -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті