• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстандық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жазаны қаталдатуды сынды

Қазақстандық кәсіпкерлер сыбайлас жемқорлықты азайту үшін жазаны қаталдатуды сынды

31 Наурыз, 2017 12:39
«Сандж» зерттеу тобы мамандарының қатысуымен Экономикалық зерттеулер институты (ERI) дайындаған 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықты азайту үшін кәсіпкерлер жазаны қаталдатуды ұсынды. Бұл туралы ОКҚ брифингінде «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Салалық сараптама орталығының директоры Айжан Төлепбекова.

«Зерттеудің мақсаты Қазақстандағы іскерлік ахуалдың жағдайын зерттеу, кәсіпкерлікті дамыту үшін жағдайы қолайлы және қолайлылығы төмен облыстарды анықтау, сондай-ақ осы саладағы өзекті мәселелерді анықтау болды. Рейтинг аясында әкімшілік реттеу, мемлекеттің бизнесті қолдауы, жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылым, адам ресурсы, қаржылық ресурс, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейі секілді көрсеткіштер ескерілді», – деп атап өтті Айжан Төлепбекова.

Оның айтуынша, сауалнамаға қатысушылар кедендік органдарда, экономикалық зерттеу қызметі мен көлік инспекциясында сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары деп көрсеткен. Оның ішінде сыбайлас жемқорлық деңгейі Жамбыл, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарында жоғары деп танылған.

«Мұнымен қоса сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламалардың тиімділігіне де баға берілді, оны кәсіпкерлер жоғары бағалаған – 71%. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін кәсіпкерлер жазаны қаталдатуды, сыбайлас жемқорлықпен күрес бойынша уәкілетті орган қызметінің тиімділігін арттыруды, билік органдары қызметкерлерінің әрекетіне, олардың табыстарына, отбасы мүшелерінің табыстары бақылауды күшейтуді, мемлекеттік қызметтерді толықтай автоматтандыруды ұсынған», - деді А.Төлепбекова.

Зерттеу барысында мемлекеттік органдардың жұмысы да бағаланды. Кәсіпкерлердің мемлекеттік қолдау туралы ақпарат алуы 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артқан, ал «Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасына қатысушылар үлесі 4,8%-ға өскен.

«Сараптама бойынша мемлекеттік органдардың тиімді жұмысына кедергі келтіретін негізгі мәселелер екені анықталды, оның ішінде респонденттердің 29,53% құжаттарды қарау мерзімінің ұзақтығы мен қағазбастылықты көрсеткен. Сондай-ақ сауалнамаға қатысушылардың 14,75% қызметкерлер біліктілігінің төмендігін атаған», - деді ол.

«Несиелеуді дамытуды тежейтін және қаржыландыру құралдарын қолжетімді етпейтін мәселелер қатарында құнсыздану деңгейінің жоғарылығы; ҚР Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі көлемінің жоғарылығы; шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесінің аздығы (2015 жылы 25,6%), экономиканың монополиялану деңгейінің жоғарылығы; шағын бизнеске инвестицияның тартылмауы, нарыққа шығуға кедергілердің болуы мен жаңа кәсіпорынның банкроттық қауіптілігінің жоғары болуы, несие пайызының жоғарылығы, кепілдік қамтамасыз ету: көптеген шағын бизнес иелері заңды мүлікті иеленбейді; шағын бизнес үшін ұзақмерзімді несиелеудің жоқтығы бар», – деп атап өтті «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Салалық салаптама орталығының директоры Айжан Төлепбекова.

Сонымен қатар, жер учаскелерін алудың қолжетімсіздігі немесе қиындығы да көтерілген. Кәсіпкерлер тарифтердің жоғарылығына назар аударған, оның ішінде сауалнамаға қатысушылардың 64%-дан астамы электр энергиясын атап көрсеткен.

«Маман мәселесіне қатысты, барлық өңірден сауалнамаға қатысушылардың түгелі дерлік олардың дамуы үшін тұрғын үймен қамтамасыз етілуді атап өткен. Алматыдан сауалнамаға қатысушылар – медициналық қызметті, Батыс Қазақстан облысы – әлеуметтік инфрақұрылымды көрсеткен. Ал Шығыс Қазақстан облысынан сауалнамаға қатысқандар түрғын үймен қамтамасыз етумен қатар, экологиялық қолайлылық қажеттілігін атаған. Қостанай облысы қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпке көп көңіл бөлген», - деді А.Төлепбекова.

Айта кетейік, «Сандж» зерттеу тобы мамандарының қатысуымен Экономикалық зерттеулер институты (ERI) дайындаған 2016 жылғы «Іскерлік ахуал» әлеуметтік зерттеуінің қорытындысы Алматы бизнесті дамытуға  ең қолайлы қала екендігін  анықтады.

Барлық жаңалықтар