- Басты
- Жаңалықтар
- Мәдениет нысандарының ашылуы мен жабылуы Мәдениет министрлігімен келісіледі
Мәдениет нысандарының ашылуы мен жабылуы Мәдениет министрлігімен келісіледі
«Жергілікті атқарушы органдар жаңа мәдениет нысандарын ашып не жауып жататындығын білеміз, бұл құзыретті органмен келісіліп жүзеге асырылады. Өңірлердегі мәдениет үйлері құзыретті органның келісімінсіз жабылып жатқандығы туралы ескерту көп айтылды. Енді алғаш енгізілгелі отырған нормаға сәйкес, жергілікті атқарушы органдар мәдени нысандарды жапқанда немесе ашатын кезде министрліктің келісімін алуы керек», - деді министр.
А.Мұхамедиұлы айтып өткендей, аталмыш заң жобасы мәдениет саласында мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру тұрғысынан маңызды. Сондай-ақ, ол мәдениет бойынша білім беретін мемлекеттік ЖОО-лар да ведомствоға бағынатынын айтты.
«Шығармашылық ЖОО-лар қазір Мәдениет және спорт министрлігінің құзырында жұмыс істейді, демек, біздің ведомство жас таланттарға гранттар ұсынып, аталмыш саланы дамытуда», - деді А.Мұхамедиұлы.
Айта кетейік, республикада тәуелсіздік жылдары 20 жаңа театр салынды, ал соңғы жылдары жеті мәдениет нысаны жасақталды. Жалпы,Қазақстанда 60-тан астам театр жұмыс істейді, оның 52-сі мемлекеттік болып саналады.
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады