- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында 21 инвестжоба жүзеге асырылуда
Алматы облысында 21 инвестжоба жүзеге асырылуда
Айта кетейік, көліктік инфрақұрылымды дамыту жөніндегі республикалық бағдарламалар аясында 11 жоба жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, «Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы», «Алматы-Қапшағай», «Бірлік-Ақбұлақ» автомобиль жолдары құрылысы және «Батыс Еуропа-Батыс Қытай», «Алматы-Өскемен», «Ұзынағаш-Отар», «Астана-Алматы», «Алматы 1-Шу», «Алматы-Бішкек» автомобиль жолдарының жекелеген учаскелері, сондай-ақ, «Қазыбек Бек-Жетіген» темір жолының құрылысы.
Сонымен қатар,жоғарыда аталған автомобиль жолдары құрылысының белдеуіне көлемі 6,9 мың га болатын 2939 жер учаскесі енгенін, оның 3166,2 га болатын 2247 учаскесі немесе 76 пайызы сатып алуға жатады.
Қазіргі уақытта жоғарыда аталған әкімдіктер тарапынан барлығы 1472 жер учаскесі алынды, соның ішінде меншік иелеріне сатып алу жолымен жылжымайтын мүлік пен жер учаскесі үшін 16,7 млрд. теңгені құрайтын бағалау құны өтелді. Аудан, қала әкімдіктерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу нәтижесінде меншік иелері мен жер пайдаланушылар 240 учаскені мемлекетке өтеусіз берді, 172 жер учаскесінің меншік иелеріне тең бағалы жерлер табысталды.
«Инвестиция тарту, тұрақты жұмыс орындарын ашу, жаңа кәсіпорындар құру – Мемлекет басшысы алдымызға қойған маңызды міндеттер. «Береке» индустриалды аймағын дамыту үшін жер учаскелерін сатып алу ісі баяу жүруінің салдарынан бұл жұмыс тоқтап тұр. Ал жоспар бойынша қазіргі кезде жобалау жұмыстары жүріп жатуы тиіс еді. Бұл мәселені жылдамдатып, қатаң бақылауда ұстаңдар», - деді облыс әкімі А. Баталов.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары