- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін шығарады
Қазақстан тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін шығарады
Кездесу барысында тараптар Қазақстанның ауыл шаруашылығы өнімдерінің Қытай нарығына кіруі мен шектеулерді алу мәселелерінің бірқатарын талқылады. Атап айтқанда, Қытай тарапы өздерінің делдал компаниялар реестріне енгізу үшін биыл сәуірде қой етінің өндірісі жүйесін және ет өңдеуші кәсіпорындарды инспекциялайтынын растады.
Екі жақ та Қазақстаннан Қытайға экспортталатын 34 өнімге қатысты ветеринарлық және фитосанитарлық талаптар Хаттамалары жобаларын келісімдеу үдерісін жылдамдататын болды. Сондай-ақ, Қазақстан тарапы ел аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылауға арналған біріккен лаборатория құру және оны тіркеу бастамасын көтерді.
Айта кетейік, кездесу қорытындысы бойынша көршілес елге экспортталатын бидай кебегі партияларына қойылатын инспекция, карантин және санитарлық талаптар туралы Хаттамаға қол қойылды.
Аталған келісімнің арқасында қазақстандық бизнесмендер тұңғыш рет Қытай нарығына бидай кебегін экспорттауға қол жеткізді және де бұл үрдісті алғашқылардың бірі болып жүзеге асыру мүмкіндігі «Huoerguosi Irbis international tranding go ltd» компаниясының үлесіне тиіп отыр.
Өз кезегінде, компанияның бас директоры Марат Дәулетқалиев осындай тиімді шешімдердің астық экспортына серпін беретінін атай отырып, сындарлы келісім үшін кәсіпкерлер атынан Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді.
Еске сала кетейік, екі күндік жұмыс сапарының аясында ҚХР Ауыл шаруашылығы министрлігі, ҚХР Халықаралық сауда-саттыққа атсалысу комитеті, ҚХР Коммерция министрлігі басшылығымен және де жергілікті бизнес қауымдастығы өкілдерімен кездесулер өтіп, екі елдің алыс-берісі үшін аса маңызды бірқатар мәселелер шешімін табады деп күтілуде.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты