- Басты
- Жаңалықтар
- Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 23 млрд теңгеден астам төлем жасады
Жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қазақстандықтарға 23 млрд теңгеден астам төлем жасады
«Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 9,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 11 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 1,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 1,1 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,2 млрд теңге шығындалған», - делінген хабарламада.
Аталған қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жасалған орташа 315 мың 973 теңге төлемді 15,2 мың қазақстандық алды.
Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 23 мың 478 теңге әлеуметтік төлем 197,9 мың азаматқа берілді.
Жұмыссыз қалу жөнінен 4,4 мың адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 19 мың 696 теңгені межеледі.
Асыраушысынан айырылу бойынша 32,8 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 15 мың 367 теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 62,7 мың азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 11 мың 806 теңгені көрсетті.
Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудың қосымша тетігі ретінде енгізілді. ҚР ЕХӘҚМ құрамындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тәуекел жағдайы туындаған қатысушыларына әлеуметтік аударымдар мен төлемдер жасаумен айналысады.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі