БЖЗҚ-ның барлық филиалдарында ашық есік күні өтуде

31 Наурыз, 2017 10:36
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының барлық филиалдарында «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпта ашық есік күні өтуде.

Қорда хабарлағандай, ашық есік күні тек іс-шараның атауы ғана, ал Зейнетақы қорының есігі барлық азаматтар үшін әр уақытта ашық.

«Біз зейнетақы жүйесі кез-келген азаматқа түсінікті болу үшін тынбай еңбек етіп жатырмыз. Біз еліміздегі азаматтарымыздың мектеп қабырғасынан-ақ зейнетақының не екенін жақсы біліп, қартайған шағында қамсыз өмір сүру мәселесін де жетік меңгергенін қалаймыз», - деді Астаналық филиалдың директоры.

Ашық есік күні бағдарламасы өте жақсы өтті. Келген қонақтарға «Зейнетақы жүйесі қалай құрылды» деген тақырыпта тұсаукесер ұсынылып, зейнетақы жүйесінің үш құрамдауышы туралы жан-жақты түсіндірілді.

Келген қонақтар Зейнетақы қорының ерекшелігі туралы бейнероликті тамашалай отырып, зейнетақы активтері бір жерге топтастырылғаннан кейін комиссиялық  жарна деңгейінің бұрынғы жеке қорлар өндіріп алған жарналармен салыстырғанда екі есе азайғанын, әкімшілік шығыстардың қысқарғанын, инвестициялық саясат басқармасында үлестес тұлғалармен қасақана зиянды мәмілелер жасау тәуекелінің жойылғанын білді.  

Бейнеролик аяқталған соң, қонақтар www.enpf.kz сайтындағы «зейнетақы калькуляторы» арқылы болашақта алатын зейнетақы мөлшерін анықтау үшін интерактивтік «шеберлік сағатынан» өтті. Қонақтардың көп болуына қарамастан, бөлімше штат түзімінде жұмыс істеп, салымшылар мен алушыларға жоғары деңгейде қызмет көрсетті.  

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Ашық есік күнін әрдайым өткізуді жоспарлап отыр. Себебі дәл осы күні кез-келген азамат Қордың стандартты қызметтерінің топтамасына қол жеткізіп қана қоймай, сонымен бірге зейнетақы жүйесі туралы, оған қоса, Қордың жалпы қызметі жайында жаңа мәліметтер алатын болады.

 

Барлық жаңалықтар