• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР Мемлекеттік басқару академиясы Қытай басқару академиясымен мемқызметкерлерді дайындау бойынша тәжірибе алмасты

ҚР Мемлекеттік басқару академиясы Қытай басқару академиясымен мемқызметкерлерді дайындау бойынша тәжірибе алмасты

19 Желтоқсан, 2013 10:09
ҚР Мемлекеттік басқару академиясы Қытай басқару академиясымен мемқызметкерлерді дайындау бойынша тәжірибе алмасты, деп академияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Қытай басқару академиясымен ғылыми зерттеулер нәтижелерімен, оқу бағдарламалары және оқу-әдістемелік әзірлемелер алмасу, оқытушылардың бірлескен жарияланымдары, конференциялар, семинарлар өткізуді қарастыратын   ынтымақтастық туралы Келісімді дайындау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде»,- делінген хабарламада.  

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лэ Юйчэннің қатысуымен «Елші сағаты» болып өтті.

Осы іс-шара шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры
Б. С. Абдрасиловтың Қытай Халық Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Лэ Юйчэнмен  болып өткен кездесуі барысында қонақ  Академия қызметінің негізгі бағыттары мен оның даму келешегі туралы хабардар болды.

Олар мемлекеттік қызметшілерді, сондай-ақ дипломатиялық кадрларды даярлаудағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері бойынша пікір алмасты.

 

Барлық жаңалықтар