- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада қазақ киносы туралы жаңа кітап таныстырылды (ФОТО)
Астанада қазақ киносы туралы жаңа кітап таныстырылды (ФОТО)
2011 жылдан Астана қаласындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде дәріс беріп, шәкірттер тәрбиелеуде. «Кинотану» шеберханасының жетекшісі. Қазақстан деректі киносының негізін қалаушылардың бірі, кинорежиссер Ораз Әбішевтің шығармашылығы туралы «Кинорежиссер Ораз Әбішев», «Ораз Әбішев» атты кітаптардың, «Қазақ киносының тарихы» оқулығындағы «Қазақ деректі киносы» бөлімінің, «История искусств Казахстана» атты екі томдық кітаптағы «Қазақ киносының тарихы» бөлімінің, кино өнері туралы 100-ге жуық мақалалар, рецензиялар, сұхбаттар мен зерттеулердің авторы.
Кітапқа енген зерттеулер, мақалалар, рецензиялар мен сұхбаттарда қазақ деректі киносы, көркемсуретті фильмдер, сценарий, бүгінгі жастар киносы, кинофестивальдер, отандық кино өнеріндегі өзекті мәселелер сияқты тағы да басқа көптеген өзекті тақырыптар арқау болған.
Кітаптың негізгі құрылымы «Уақыт және қазақ киносы», «Қазақ киносы: көкейдегі көп сауал», «Уақыт. Кино. Тұлға» және «Кино – өмір айнасы» атты негізгі төрт бөлімнен тұрады.
«Қазақ киносы: көкейдегі көп сауал» атты екінші бөлімінде, қазақ киносындағы өзекті мәселелер мен жекелеген фильмдерге қатысты ой-пікірлер, жастар киносы, кинофестивальдер т.б. мақалалар мен рецензиялар ұсынылып отыр. «Уақыт. Кино. Тұлға» деп аталатын үшінші бөліміне отандық және шетелдік белгілі кинематографистермен болған сұхбаттар енген. Бұл сұхбаттардан 1990 жылдардағы отандық кинопрокат, кинотеатр, репертуар мәселелері, фильмдер, 1998 жылы тұңғыш рет өткен «Еуразия» халықаралық кинофестивалі, кинематографистердің шығармашылық зертханасы, олардың уақыт, қоғам, кино туралы ой-толғамдары, т.б. көптеген маңызды мәліметтер алуға болады. «Кино – өмір айнасы» атты соңғы бөлімінде кітап авторының кино өнері туралы баспасөз беттеріне берген сұхбаттары ұсынылған.
«Қазақ киносы: кеше және бүгін» атты кітабы – өнерсүйер оқырман үшін, қазақ киносының кешегі мен бүгінгі күні турасында мол мәлімет пен рухани қажеттілігіндегі таптырмас құрал болып табылады.
Ақбота Күзекбай
Фото:Арман Мұхатов
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»