• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР-да 2013 жылдың соңына дейін қолданысқа 7 күре жолдық медициналық құтқару пункттері беріледі – ТЖМ

ҚР-да 2013 жылдың соңына дейін қолданысқа 7 күре жолдық медициналық құтқару пункттері беріледі – ТЖМ

19 Желтоқсан, 2013 09:51
2013 жылдың соңына дейін тағы жеті күре жолдық пункт пайдалануға берілетін болады, қалған 14-і 2014 жылы салынады, деп Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қазақстан Республикасындағы Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында ҚР ТЖМ  күре жолдық медициналық құтқару пункттерін салу жұмыстарын жалғастыруда», - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні ағымдағы жылы салынып жатқан жеті күре жолдық медициналық құтқару пункттері жұмысы  Алматы облысында, Жамбыл облысында, Батыс Қазақстан облысында, Қарағанды облысында, Атырау облысында, Қызылорда облысы басталды.

Қазіргі кезде Төтенше жағдайлар министрлігі құрып жатқан 40 күре жолдық пункттің ішіндегі 19-ы ЖКО зардап шеккен адамдарға шұғыл медициналық көмек көрсетуде.

Қазіргі таңда күре жолдық пункттері ашылғаннан бастап бригадалар жол көлік оқиғаларына 1079 рет шықты, 2781 зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетті, 1022 адамды ауруханаға жеткізді. Медициналық көмекке жүгінген 1533 азаматтың жеке өтініштері тіркелді.

 

 

 
 

Барлық жаңалықтар