- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылордада инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері беріледі
Қызылордада инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері беріледі
Өзінің алғысөзінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаев елді мекендердің экономикасы мен ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту жергілікті биліктің алдағы уақытта да бірінші кезектегі міндеті екенін атап өтті.
«Бүгінде аймағымызды дамыту бойынша ауқымды істер атқарылуда. Наурыз мерекесі қарсаңында облыс орталығында жаңа мөлтек аудан пайдалануға берілді. Бүгін 300-ге жуық Шиелі тұрғынына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдері беріледі. Шиелі ауданында 7 мыңға жуық адам баспана салу үшін жердің кезегінде тұр. Енді тиісті инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген аумақтан 2500 адамға жер телімдері берілетін болады»,- деді облыс әкімі.
Өткен жылы Шиелі ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық және облыстық бюджеттерден 3 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлінген. Жоба аясында Шиелі кентіндегі «Ақорда», «Бәйтерек», «Береке», «Шұғыла» мөлтек аудандарында және Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Алғабас елді мекендерінде жалпы алаңы 509 гектар жерге 256 шақырымдық инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Медицина ұйымдарын дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мәселелері -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
М.Әбенов: Жер тек жұмыс істеймін деген азаматқа ғана жалға берілу керек -
ҚР энергетика саласы: Мұнай-газ саласы, жер қойнауын пайдалану және электр энергетикасы -
Әкімдерді сайлау: «Жергілікті тұрғындар мен билік арасындағы байланыс нығаяды» -
Биліктегі 2 жыл: несие амнистиясы, жер мәселесі және саяси-әлеуметтік реформалар -
Өзен суымен қамтамасыз ету жұмыстары қалай жүріп жатыр -
COVID-19: Еуропа елдерінің шекарасы кімдерге ашық, қандай қызметтерге рұқсат етілген