- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда әскерге көктемгі шақырылым басталды
Қазақстанда әскерге көктемгі шақырылым басталды
Полковниктің айтуынша, 2017 жылдың көктемінде Қарулы Күштерде мен ҚР өзге әскери құрылымдарына 1999-1990 жылғы 16 мың азаматты шақыру жоспарланған.
«Көктемгі шақырылымның негізгі мақсаты Қарулы Күштерді жасақтау, өзге құрылымдарды жас қазақстандықтардың санымен арттыру болып табылады», - деді ол.
Ол айтып өткендей, жасақтау эксаймақтық ұстаным бойынша жүзеге асырылады.
«Шақырылушылар медициналық куәландыру мен әскери қызметке жарамдылығын анықтаудан өткізілетін өздері әскери есепке алынған жері бойынша қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдерге бару қажет. Жасақтау осыған дейінгі тәрізді бұрынғы аймақтық қағида бойында жүзеге асатын болады. Яғни, шақырылушы әскери қызметін өткеру үшін басқа аймаққа жіберіледі. Әскер қатарына толықтырылатын жас азаматтарды іріктеу және әскери бөлімдерге таратып үлестіру кезінде олардың шақырылымға дейін алған мамандықтары ескеріледі», - деді А.Үсербаев.
Айта кетейік, Әскерге шақырылым Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 16 наурыздағы «Мерзімді әскери қызметті өткерген әскери қызметшілерді, әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2017 жылдың наурыз - маусымында және қыркүйек - желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығына сәйкес басталады.
Кайрат Жандыбаев
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
«Ónerpaz bolsań…» атты байқауға өтініш қабылдау басталды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша