- Басты
- Жаңалықтар
- ҚазГЗУ-да оқуға екі грантты Іскер әйелдер кеңесі ұсынады
ҚазГЗУ-да оқуға екі грантты Іскер әйелдер кеңесі ұсынады
«ҚазГЗУ Эндаумент» копоративтік қоры ҚазГЗУ президенті Мақсұт Нәрікбаевтың бастамасы бойынша құрылды. Жұмыс жылдары айтарлықтай нәтижеге қол жеткізілді, оның ішінде аутиториялық ЖОО-ның жаңаруы, университеттің көзге түскен студенттеріне грант, жеңілдік, шәкіртақы сынды қаржылай көмек көрсету. Биылғы жылы қордың ресми серіктестері, меценаттардың демеушілік көмектерінің нәтижесінде тегін оқумен 20 студент қамтамасыз етілді.
«Атамекен» ҰКП жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Бағила Бейсембаева университет қабырғасында атаулы аудиторияның ашылуы салтанатында бұл алаң бизнес тренингтер өткізу үшін қажет екендігін айтты.
«Меніңше, аталмыш университет Қазақстандағы бизнес білім берудің қолбасшыларының бірі. Бұл қор жалпы білім беруге оң әсер береді. Біз ҚазГЗУ университетімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Ол бизнес саласында білім беруді дамытуды қарастырады», - деді ол.
Б.Бейсембаева айтып өткендей, жас мамандарға кәсіпкерлік саласында тәжірибені қалдырған жөн.
Болашақта бұл тығыз ынтымақтастыққа айналады, ол бойынша кәсіпкерліктер мен зауыттарда, фирмаларда шеберлік сыныптарын өткізу жоспарланған. Спикер сондай-ақ, ҚазГЗУ студенттерінің кеңес аясында тәжірибе өту мүмкіндігі туралы айтып өтті.
«Біз студенттердің тағылымдамадан өтуі мүмкіндігін қарастырып отырмыз. Мемлекетте дуальді оқыту формасы бар. Меніңше, біз аталмыш тапсырмаларды жүзеге асыруға әрекет жасап отырмыз», - деді ол.
Айта кетерлігі, гранттар «Іскерлік әкімшілендіру магистрі» мен заңгер, халықаралық құқық, экономика мамандықтарын оқуға ұсыныалды.
Ақбота Күзекбай
-
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
Елордадағы Қорғаныс министрлігінің әскери колледжінде алғашқы оқуға іріктеу аяқталды -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындары оқуға қабылдауды жүргізуде -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Прездент тапсырмасы: Полиция департаменттеріндегі жедел-тергеу топтарына тергеуші әйелдер енгізілді -
Әйелдердің ауыл мен ауыл шаруашылығын дамытудағы рөлі -
Екінші дүниежүзілік соғыс: ақиқат пен ақтаңдақ