- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтааралда 87 өндірістік кооператив құрылды
Мақтааралда 87 өндірістік кооператив құрылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен «Кооперация-агро-өнеркәсіп кешенін дамытудың негізі» атты семинарда мақта мен қарқынды бау шаруашылығын дамыту жайы айтылды.
Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында ауданда 87 ауыл шаруашылығы өндірістік коопеартивтері құрылды. Ашылған ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерге техника алуға, ағын сумен қамтамасыз етуге, минералды тыңайтқыштар тасымалдауға, энтомофактар өндіру үшін мемлекет тарапынан түрлі қолдаулар көрсетілуде.
Семинарға жиналғандар мақта мен жеміс-жидек өсіру бойынша шеберліктерін шыңдап, осы саладағы озық технологиялармен танысты. Жиында мақта шаруашылығын дамыту, оған мемлекеттен берілетін жеңілдіктерді алу бойынша «Нұр-Кетебай» өндірістік кооператив басшысы Сәду Бекенов өз тәжірибесімен бөлісті.
Аталған кооператив 2016 жылы қайта жасақталып құрылса, бүгінде мұнда 242 шаруа мүшелікке енген. Бірлік пен еселі еңбектің арқасында 1125 га жерді игеріп отыр.
Айта кетейік, өткен жылы Мақтарал ауданында 83 мың гектардан астам жерге мақта дақылы егіліп, орташа өнімділік 26,3 ц/га құрады. Яғни мақтаралдық диқандар 218,5 мың тонна ақ алтын жинап алған.
Ал аудандағы егістіктерді әртараптандыру жұмыстарының нәтижесінде биылғы жылы болжамдық мәліметтерге сәйкес аудан шаруалары 80 мың га алқапқа мақта дақылын егуді жоспарлап отыр.
Осы күні семинарға қатысушылар аудандағы қарқынды бау өсірумен айналысатын «Аботя» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Қожалық төрағасы Ербол Ераливтің айтуынша, бүгінде ондағы қарқынды баудың көлемі 20 гектарға жеткен. Шаруашылықта тамшылатып суару әдісі бойынша жоғары сұрыптағы алма мен жүзім өсіріледі. Тынымсыз еңбектің арқасында шаруалар өткен жылы 180 тоннағы жуық өнім алған.
Сонымен қатар, аудан көлемінде 425,6 гектар жерге жеміс-жидек дақылдары орналастырылған болса, оның ішінде 105, 46 гектары қарқынды бау. Биылғы жылы оған қосымша 70 гектар алқапқа қарқынды бау орналастыру жоспарланып отыр.
-
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары -
Еңбек қауіпсіздігі: Жұмысшылар құқығы, өндірістік жарақат және әлеуметтік төлемдер -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару: Қазақстанда 7 449 жаңа басқару нысаны құрылды -
Президент тапсырмасы: Samruk Qyzmet рекрутингті онлайн платформасы құрылды -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
ТКШ: 2607 жаңа басқару нысаны құрылды -
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек -
Қазақстанда Балық шаруашылығы комитеті құрылды -
Қарулы Күштерде әскери қызметшілер мен курсанттар үшін 19 сайлау учаскесі құрылды -
Мәжілісте өндірістік секторды қолжетімді қаржыландыруды мақұлдады -
«Ауыл» партиясы шаруа қожалықтарына кооперативтердің пайдасын түсіндірді -
Қазақстандықтардың жыл сайынғы балық тұтыну көрсеткіші төмен -
2 млн 287 мыңнан астам азамат карантин кезінде табысын жоғалтқаны үшін біржолғы төлем алды -
COVID-19: Алмaтыда мeдициналық қызмeткерлердің кадрлық резерві құрылды