Жамбыл облысында жаңа амбулатория мен спорт кешені салынады

29 Наурыз, 2017 14:32
Жуалы мен Қордай аудандарында жаңа амбулатория мен спорт кешені іске қосылады, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігі.

Жақын арада Жуалы ауданының Қарасаз ауылының маңында  25 орындық амбулаторияның құрылысы басталады.

Жобаны жүзеге асыру  сәуір айында басталады. Аталмыш  дәрігерлік амбулаторияны  5 ай ішінде аяқтау  жоспарлануда. Пайдалануға  жыл соңында берілуі мүмкін.  Мекеме құрылысына облыстық бюджеттен  126 436 мың теңге бөлінді.

Қордай ауданында  қазіргі  заманғы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің  жобасы жүзеге асырылуда.  Жаңа кешен Қордай ауылында салынады.

Жоба 431 млн теңгеге  бағаланып отыр. Құрылысты пайдалануға беру 2017-2018 жылдарға жоспарланып отыр. Бас жобалаушы  «BS ARCHI GROUP» компаниясы.

 

Барлық жаңалықтар