- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандықтар ХКҚО арқылы дайын құжаттарды үйге жеткізуді рәсімдей алады
Қазақстандықтар ХКҚО арқылы дайын құжаттарды үйге жеткізуді рәсімдей алады
Бұл сервисті пайдалану үшін клиент қызмет алуға қажетті толық құжаттар пакетін ХҚКО инспекторына өткізеді және дайын құжаттарды жеткізіп беру жөніндегі өтінімді толтыру үшін ХҚКО ғимаратында орналасқан «Қазпошта» АҚ қызметкерлеріне жүгінеді. Құжаттарды жеткізіп беру қызметі жеке және заңды тұлғаларға коммерциялық негізде көрсетіледі.
Үйге жеткізіп беру бағасы қызмет көрсетілетін аймаққа және соңғы жеткізілім мекенжайына байланысты болады. Жеткізілім жайлы ақпаратты берілген трек-нөмірі бойынша post.kz. сайтынан қадағалап отыруға болады. Қызметтің ең төменгі құны – 500 теңге. Қызмет алушы жеткізілім төлемін дайын құжаттарды алғаннан кейін жүргізеді.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқарма төрағасы Абылайхан Оспановтың айтуынша, жаңа қызмет ХҚКО-ға келуге уақыты тапшы жандарға арналған.
Қазіргі уақытта қызметтерді автоматтандыру жұмыстары белсенді түрде жүріп жатыр. Көптеген қазақстандықтар қызметті электрондық үкімет порталының көмегі арқылы үйден шықпай-ақ алады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Браконьерлермен күрес: Қандай жаза тағайындалады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
А.Ракишева: Ең төменгі жалақының артуы азаматтардың жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары -
Халық санағына дайындық жұмыстары қалай жүргізілуде -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады