- Басты
- Жаңалықтар
- Хобда ауданының ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінеді
Хобда ауданының ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін 1 млрд. теңге бөлінеді
2017 жылы Қобда ауданында И.Білтабанов атындағы, Талдысай, Терісаққан және Бестау ауылдарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету жобасын жүзеге асыру басталады. Аудан халқының ауыз сумен қамтылуын 64,4 % -дан 75 % -ға дейін өсіретін жобаның жалпы құны - 1 млрд. 12 млн. теңге.
2017 жылдың басым жобалары қатарында құрылыс көлемін арттыру, соның ішінде жаңа баспаналарды пайдалануға беру қарқыны да бар.
«2017 жылы аудан орталығы – Қобда ауылында екі қабатты үш үйдің құрылысын бастап, 2018 жылы осыған ұқсас тағы төрт үй салу жоспарлануда, ал 2020 жылы бұл көппәтерлі үйлерден құралған бүтін бір шағын аудан болады. Айта кетейін, өткен жылы Қобдада мұқтаж азаматтарға жалпы алаңы 803 шаршы метр болатын 10 тұрғын үй берілген болатын. Сонымен қатар, жеке тұрғын үй салу үшін тиісті инфрақұрылымы бар 300 жер телімі тағы бар. Алайда, ауданда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне кезекте тұрған азаматтар жоқ»,-деп хабарлады аудан әкімі.
2017 жылдың ең ірі және әлеуметтік-маңызы бар жобаларының бірі – 320 орындық мектеп-гимназиясының құрылысы. Нысан ағымдағы жылдың қыркүйегінде пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сонымен бірге, МЖС аясында үш медициналық бекет пен өңірлік оқу-сауықтыру орталығын салу жоспарда бар.
Баспасөз мәслихаты барысында аудан әкімі жолдарды жөндеу мәселесіне жеке тоқталды. Мейрамбек Шермағанбеттің айтуынша, 2017 жылы Қобда ауылының үш көшесі мен Талдысай ауылына апаратын кіре беріс жолы жөнделмек. Облыстық маңызы бар Шұбарқұдық-Ойыл тас жолы Қызылжар ауылына дейін салынатын болады. «Шұбарқұдық-Ойыл-Қобда-Соль Илецк» жобасы аясындағы шекара бекетіне дейінгі жер телімі күрделі жөндеуді қажет етеді. Бұдан өзге туризм саласын дамыту мақсатында жергілікті билік Абат Байтақ, исатай Тайманұлы кесенелері мен Бұлақ ауылына апаратын кіре беріс жолға күрделі жөндеу жасау үшін жобалық-сметалық құжат дайындауға ниетті.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Тоқаев: ТМД-да COVID-19 вакциналау паспорттарын өзара мойындауды жеделдетуді ұсынамын -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді