- Басты
- Жаңалықтар
- ИДМ-де ұшақта темекі тартқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
ИДМ-де ұшақта темекі тартқандарды қылмыстық жауапкершілікке тарту ұсынылды
«Заң жобасының мақсаты азаматтық авиация және әуе кеңістігін пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру, сондай-ақ оны Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келтіру болып табылады. Заң жобасы әуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану саласындағы бақылау мен қадағалауды күшейтуге, көрсетілетін қызметтердің сапасын көтеру мен ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жауаптылықты арттыруға бағытталған», - деді Р.Скляр.
Заң жобасы аясында шетелдік тасымалдаушыларды аккредиттеу, коммерциялық емес ұйымдарды тарту және әуе кемелерін пайдаланушылардың, аэронавигациялық қызмет көрсетушілердің, авиациялық оқу орталықтарының қызметін қадағалау бөлігінде азаматтық авиация саласындағы уәкілетті органның құзыреті нақтыланады және толықтырылады.
«Авиация қызметкерлерін медициналық куәландыру жүйесін жетілдіру көзделеді, авиациялық медициналық орталықтарды сертификаттаудың жаңа түрі ұсынылады. Тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің қызметі реттеледі», - деді ол.
Заң жобасының бірқатар ережелері азаматтық авиацияда авиациялық қауіпсіздік бағдарламасын енгізу, медициналық сарапшыларға, аэронавигациялық қызмет көрсетуді берушілерге және лауазымды адамдарға жауаптылықты бекіту, сондай-ақ сертификациялық тексеру кезінде санаттарды енгізу арқылы авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.
«Одан басқа, заң жобасымен шағын авиацияны дамытудағы, ұшқышсыз ұшатын аппараттарын есепке алудағы, арнаулы ұшуға рұқсат алудағы, әуе кемелерін пайдаланушыларға жалға беруде әкімшілік кедергілерді жоюға қатысты ережелер енгізіледі. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді», - деді вице-министр.
Ақбота Күзекбай
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Елордада «COVID-19» хореографиялық қойылымы ұсынылды -
ІІМ: Автокөлік ұрлаған 8 қылмыстық топ ұсталды -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Шетелден инвестиция тарту: 2020 жылғы жобалар, жаңа алгоритм және проблемалары -
Қылмыстық процесті жаңғырту, адам саудасы және интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары -
Тоқаев: Қоғамды жемқорлықпен күресуге кеңінен тарту қажет -
АХҚО-ның Қазақстан экономикасына инвестиция тартудағы рөлі -
Сенат отырысы: қабылданған Заңдар, қос азаматтық мәселесі, Арал проблемасы, Таразда ескірген су құрылғылары -
Сарапшылар пікірі: "Вакцина салдырудан бас тартқандар жауапкершілікке тартылмайды" -
Темекі өнімдерін таңбалау көлеңкелі экономиканы азайтады -
Л.Рамазанова: Қақтығыстарды бейбіт жолмен шешу процестеріне әйелдерді белсенді тарту қажет -
2020 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау туралы заң жобасы ұсынылды -
Алматыда шеткі аудандардағы тұрғын үйді гaздaндыру мәселесi қaлай шешіліп жатыр. Несие қалай беріледі -
ФОТО: Астанада полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық арт-инсталляция ұсынылды