- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстандық жоғары оқу орны ҚҚ үшін 8 мыңнан аса запастағы әскери қызметшіні дайындап шығарды
Қазақстандық жоғары оқу орны ҚҚ үшін 8 мыңнан аса запастағы әскери қызметшіні дайындап шығарды
Мұнда дайындалған әскери мамандардың біршамасы өздерінің өмірлерін әскери қызметпен байланыстырып, қазіргі уақытта қазақстандық армия қатарында әскери міндеттерін атқарып жүр.
Жақында жоғары оқу орнының әскери кафедрасы өзінің 20 жылдығын атап өтті. Осыған орай, ҚР ҚК Ұлттық әскери-париоттық орталығында Қазақстан Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, Қарулы Күштер офицерлері мен ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті.
Іс-шараға қатысқан меймандардың бірі әскери кафедраның мақтанышы майор Азамат Жұмаділов болды. Ол Қазақстанның Қарулы Күштерінде 10 жылдай қызмет етуде. 2007 жылдың желтоқсанында Елбасының Жарлығымен мемлекет алдындағы ерен еңбегі мен әскери борышын үлгілі орындағаны үшін оған Алтын жұлдыз айрықша белгісі және «Отан» орденін табыстай отырып, «Халық қаһарманы» атағы берілді.
ҚАЗГЗУ-дың әскери кафедрасы жылдан жылға дамып келеді. 2015 жылдан бастапжаңа әскери мамандықтар енгізіліп, алғаш рет қыздарды дайындау басталып, сәтті жүргізілуде. Бүгінде мұнда мол практикалық әскери және педагогикалық тәжірибелері бар оқытушылар, еліміздің Қарулы Күштерінде қызмет өткерген, мемлекеттік наградаларға ие болған, біршамасы жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқан офицерлер қызмет етуде.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Эпидемиолог:Ревакцинацияға азаматтардың қызығушылығы жоғары -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді