- Басты
- Жаңалықтар
- Шардара балығының 70 пайызы шетелге экспортталуда
Шардара балығының 70 пайызы шетелге экспортталуда
«Хамит» өндірістік кооперативінде балықтың 10 түрі әзірленеді. Сапалы өнім шығаратын кәсіпорын жылына 3 мың тоннаға дейін балық өңдейді. Жалпы өнімнің 70 пайызы Ресей, Германия және Израиль сынды елдерге экспортталса, ал 30 пайызы ішкі нарыққа саудалануда.
Жалпы облыста бүгінде 3 балық өңдеу зауыты мен 28 балық шаруа қожалығы бар. Бұл кәсіпорындарда жылына 6 мың тонна балық өңделеді. Алдағы уақытта да осы саланың даму көкжиегін кеңейтіп, субсидиялау мәселесін шаруаларға түсіндірген басқарма басшысының орынбасары балық шаруашылығында коопертивтер құру арқылы өнімнің көлемін ұлғайтуға болатынын жеткіздізді.
Балық шаруашылығын кәсіпке айналдырған Шардарада бүгінде 3 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді. Оның ішінде «Хамит» және «Шардара балық – 1» кәсіпорындары өз жұмыстарын жолға қойып үлгерген. Ал өткен жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде тағы бір зауыт іске қосылған. Балық өңдеу кәсіпорында 40 адам жұмыспен қамтылған.
-
Елордадағы эпиджағдай: инфекциялық стационарлардың жүктемесі 70%-дан асты -
ҚР-дағы вакцинациялау: 700-ден астам дәрігер екпе салдырды -
Мемлекеттік қызметтердің 90 пайызы электронды форматқа ауыспақ -
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды -
Карантин кезінде қазақстандық туристерге қойылатын талап күшейді ме -
Симптомсыз науқастардың 3 пайызы дәрігерге жүгінеді -
Covid-19: Қазақстанда ауырғандардың 62 пайызы емделді -
Қазақстандық донор шетелге шығарылмайды -
Шардаралық диқандар 6500 тонна қарбыз экспорттады -
Мемлекеттік қызметтердің 80 пайызы автоматтандырылды - министр -
Түркістан қаласында 70 нысан пайдалануға беріледі -
Е.Тұрғымбаев: ІІМ қызметінің 83 пайызы электронды форматқа көшірілген -
А.Мырзахметов: Сатып алу саласындағы отандық кәсіпкерлердің жүктемесі 70 пайызға дейін жеткізіледі -
2,5 мыңға жуық фермерге 70 млрд. теңге көлемінде мемлекеттік көмек көрсетілді -
Төлеби ауданында 70 отбасыға көмек көрсетілді