- Басты
- Жаңалықтар
- Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 670 мың билет сатылған
Бүгінгі таңда ЭКСПО-2017 көрмесіне 670 мың билет сатылған
Бүгінгі таңда ең қымбат билет құны 8 мың теңгені құрап отыр. Бірақ, лимитті билеттер құны 20 мың теңге.
Департамент директор айтқандай, лимитті билеттерді тек Қазақстанда ғана сатып алуға болады.
«Лимитті билеттерді Ресейде сатып алу мүмкін емес. РФ-да ешқандай жеңілдік жоқ, жеңілдіктер тек ҚР азаматтарына ғана ұсынылады. Сондай-ақ, барлық елдің 6 жасқа дейінгі азаматтарына жеңілдік ұсынылады», - деді Дәулет Еркімбаев.
Ұйымдастырушылар айтқандай, өзге елдерде де бизнес кассаларды ашу жоспарланған. Сондай-ақ, билеттерді сату ресми веб-сайт арқылы жүзеге асырылуда, ол өзге елдерге де шектеу қоймайды.
«Біз Қытайдың ірі туристік компанияларымен белсенді жұмыс жүргізудеміз. Онда біздің бірқатар роуд-шоуларымыз өтіп, қытайлық тур-операторлар да бізге келген болатын. Күні кеше халықаралық БАҚ үшін ауқымды баспасөз туры өтті, оған ҚХР журналистері де қатысты», - деді спикер.
Шетелдіктерге жалпы көрсеткіш бойынша билеттердің 13 пайызы сатылды.
«Біз көрмеге 15 пайыз шетелдік қатысатынына үміттіміз. Біздің жоспар бойынша билеттердің біразы осы көрме павильонына сатып алынады. Бұл көрсеткіш біз жоспарлағаннан асып түседі», - деді ол.
Сондай-ақ, ұйымдастырушылар көрмеге арнайы абонемент әзірлейді.
«Қазір билет емес, абонемент әзірлеу пікірі бар. Алайда, бұл әлі іс жүзінде қолға алынбады. Себебі, ол бізге нақтылайтын бірқатар компаниялардың шараларды өткізу жағдайына қатысты болып отыр. Сондай-ақ, арт-білім беру алаңдарын әзірлеу қарастырылуда, адамдар екі күн емес, 5 күн келетін болады. Күн сайын билет сатып алу ыңғайсыз, сондықтан абонемент шығару қарастырылған, әзірше ол жоба күйінде», - деді ол.
Ақбота Күзекбай
Фото: Абзал Қалиев
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
COVID-19: Бразилияда тәулігіне 10 мың-ға жуық адам вирус жұқтырған, Украина жаңа карантин ережелерін енгізді -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
2021 жылдың басынан бері 12,5 мың этникалық қазақ қандас мәртебесін алды -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Тамыз айында 854 мыңнан астам адамға АӘК берілді -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
15,7 мыңнан астам шетелдік азамат Қазақстанда еңбек етіп жүр -
Еңбек инспекторлары 13,2 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады -
Жыл басынан бері 816 мыңнан астам адам АӘК алды -
Мүмкіндігі шектеулі жандар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 150 мыңнан астам қызмет алды