- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда дизель отынына арналған акциз мөлшері төмендетілді
Қазақстанда дизель отынына арналған акциз мөлшері төмендетілді
Бұл шешім Ресеймен салыстырғанда Қазақстандағы дизель отынының бағасы 45% арзандап кетуіне байланысты қабылданды. Бағаның арзандауы Қазақстандық жанармайдың Ресей нарығына арзан бағамен кетіп және елімізде жанармайдың тапшылығына әкеліп соқты.
Бұл шешім бір жағынан екі ел арасындағы баға үйлесімділігін азайтса, екінші жағынан жанармайды өндірушілер мен сатушылардың шектеулілігін арттырды.
Сондықтан, ҚР Үкіметінің 2015 жылғы 13 наурыздағы «Бензин мен дизель отынына арналған акциз мөлшерлемелерін бекіту туралы» қаулысымен сәуір айынан бастап қазан айына дейін жанар-жағармай материалдарына арналған акциз мөлшерін тоннасына 540-теңгеден 9300 теңгеге дейін жоғарылату туралы шешім қабылданды.
Бірақ қабылданған шешім ауыл шаруашылығының кезеңдік жұмыс кезінде ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері үшін берілетін арзандатылған отын алу мөлшерінің төмендеп, аграийлерге 10 млрд. теңге көлемінде қосымша шығындарға әкеліп соқтыруы мүмкін еді. Бұл өз кезегінде азық-түлік өнімдерінің қымбаттауына әсерін тигізеді.
«Сондықтан, бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егістік жұмыстары басталған кезден бастап, дизель отынына берілетін акциз мөлшерін а.ж. сәуір айынан бастап мамыр айына дейін тоннасына 9300 теңгеден 540 теңгеге дейін арзандату туралы ұсынысымен шешім қабылданды.Қабылданған шешім ауыл тұрғындарының 2 млрд. теңге көлемінде қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді», - делінген хабарламада.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша