- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның барлық өңірлерінде ЭКСПО-2017 билеттері сатылады
Қазақстанның барлық өңірлерінде ЭКСПО-2017 билеттері сатылады
«ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуына 74 күн қалды. Сондықтан біз тұрғындардың билеттерді сатып алуы үшін барлық жағдайды жасаудамыз. Наурыз айында Қазақстанның барлық өңірінде, нақтырақ айтсам облыс орталықтарында билет сататын кассаларды аштық. Енді осыған толығырақ тоқталайын. Өткен жылдың 10-желтоқсанында Астана мен Алматы қалаларында кассалар өз жұмысын бастады. Ал осы жылдың 8-ші наурызында біз 4 өңірде билет сататын орталықты аштық. Кейін 20-шы наурызға дейін 5 облыста және 25-ші наурыздан бастап 5 өңірдің кассаларында билет сатылады бастады», - деді басшы.
Оның айтуынша, студенттер, мектеп оқушылары, зейнеткерлер, көпбалалы аналар ЭКСПО-2017 көрмесіне билеттерді 50 пайыздық жеңілдікпен алса, соғыс ардагерлері, алты жасқа дейінгі балалар, жетім балалар мен кез-келген топтағы мүгедектігі бар жеңілдік қарасытырлыған топтағы Қазақстан азаматтары көрмеге тегін кіре алады.
Айта кетерлігі, мұндай жеңілдік қарастырылған билеттерді тек Көрме барысында, Көрмеге келетін күні, Көрме кіреберісінде орналасқан кассалардан жеке куәлік пен жеңілдік қарастырылғанын растайтын құжатты көрсету арқылы алуға болады.
«Біз Ресей Федерациясының бірқатар өңірлерінде ЭКСПО-2017 ресми кассаларын аштық. Мәскеудегі касса РФ астанасының орталығында, Лубянкада, Орталық балалар дүкенінде орналасқан болса, Петерборда Кассир Ру ғимаратында орналасқан. Сондай-ақ, Қазан (Казань), Төменгі Новгород (Нижний Новгород), Екатеринбург, Новосібір (Новосибирск), Сочи қалаларында ірі сауда орталықтарында да кассалар ашылды", - деді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркімбаев.
Одан өзге Ресейдің ірі қалалырында ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған билет сататын 38 нүкте ашылды
Ақбота Күзекбай
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Сарапшы пікірі: "Газ бағасының өсуі - барлық шығынды есепке алғанда түк емес" -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары