- Басты
- Жаңалықтар
- Еліміздегі әкімдіктер техникалық білім бойынша 91 арнайы жобаны жүзеге асыруға дайын
Еліміздегі әкімдіктер техникалық білім бойынша 91 арнайы жобаны жүзеге асыруға дайын
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2016 жылғы жұмыс қорытындысы мен 2017 жылғы жоспарларға арналған ҚР ЕХӘҚМ алқасының кеңейтілген отырысында, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жергілікті атқарушы органдар тарапына ағымдағы жылдың 1 сәуірінен бастап, келесі жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды:
- үй ішінен шағын балабақшалар ашуға мүмкіндік бере отырып, зейнеталды жастағы әйелдерді өнімді еңбекпен қамту мақсатында, мектепке дейінгі жастағы балаларға тәрбиелеушілер мен кәсіби бала бағушылар дайындау;
- арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж тұлғаларға қызмет көрсету үшін әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілер даярлау және аталған азаматтар санатына шағын сыйымдылықтағы үйлер ашуға жағдай жасау;
- «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы іске асырып жатқан «Бастау-Бизнес» жобасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне үйрету;
- еңбек нарығына қажет немесе жұмыс берушілер сұраныс білдірген кәсіптерге оқыту;
- жаппай компьютерлік сауаттылыққа оқыту.
Осы орайда, республикалық маңызы бар өңірлерлер мен қалалардағы барлық жергілікті атқарушы органдар тарапы, аталған бағытта жұмыс істеуге әзір екендерін растады. Жобалардың басым бөлігін Атырау мен Қарағанды облыстарының әкімдіктері жүзеге асыруды жоспарлап отыр (оқудың барлық ұсынылған бағыттары бойынша 8 жобадан).
Еске сала кетсек, алыс ауылдық жерлерде тұратын азаматтарға сабақтардың қолжетімді болуы үшін, мобильді оқу орталықтары ұйымдастырылмақ: Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау және Қостанай облыстарында арнайы дәрісханалары бар жылжымалы кешендер түрінде; шалғай ауылдық жерлерде аз сыйымдылықтағы мектептер ауқымында; жұмыс берушілер мүмкіндігін пайдалана отырып.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген