- Басты
- 1 сәуірден бастап Астана теміржол вокзалында тексеріп кіргізу режимі енгізіледі
1 сәуірден бастап Астана теміржол вокзалында тексеріп кіргізу режимі енгізіледі

Тексеру инспекторлары тиісті нұсқамалықтардан өтіп, қажетті талаптардан тыс оқыс оқиға кезінде жолаушылармен сыпайы қарым-қатынас жасау туралы тәжірибе алмасады.
2017 жылғы 1 -сәуірден бастап ӘТКҚ Астана теміржол вокзалына жолаушыларды және олардың қол жүктерін тексеріп кіргізуді бастайды. Оған жалпы саны 149 штаттық қызметкерлер тартылады.
«Көлік инфрақұрылымы нысандарындағы тексеру» бағдарламасына сәйкес, оқу тәжірибе жұмыстарынан 300-ден астам қызметкер өткізіледі. Олар Астанадағы жаңа вокзал кешеніне қызметке тартылады.
Айта кетерлігі, Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдарындағы тексеру құрылғылары бір айдан бері жұмыс істеп тұр. Осы уақыт аралығында ӘТКҚ қызметкерлері кінәсінен оқыс оқиға тіркелген жоқ. Жолаушыларға қажетті тексеріп өткізу жөніндегі барлық ақпараттар қос тілде берілген.
«Алматы-1 және Алматы-2 вокзалдарында 12 рентгендік телеаппараттар мен тексеру қондырғылары қамтамасыз етілген. Оның сегізі Алматы-1 және төртеуі Алматы-2 станцияларына орнатылған»,-дейді Алматы магистральдық желі дирекциясының вокзал шаруашылығы жөніндегі директорының орынбасары Ерик Шинтеков.
Жолаушылар мен вокзалға кірушілер өздері мен қол жүктерін тексеруді түсіністікпен қабылдауда. Тұрғындар тексеріп өткізу режімінің қажеттілігі мен тексеруші инспекторлардың ізеттілігі әрі жеделдігіне ризашылықтарын білдіруде.
ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес, жолаушыларды тексеру лаңкестік қауіптің деңгейіне байланысты жүргізіледі. Лаңкестік қауіп болмаған жағдайда, лаңкестіктің қалыпты («сары») деңгейінде жолаушылар мен олардың қол жүктері ішінара тексеріледі. Лаңкестіктің қаупі жоғары («алқызыл») немесе қиындықты («қызыл») деңгейінде барлық жолаушылар мен олардың қол жүктері тексеріледі.
Тексеру кезінде аса қауіп туғызатын (қару, оқ –дәрі, жарылғыш заттар) заттар табылған жағдайда, тексеру жүргізуші инспектор арнайы мемлекеттік қызмет пен құқық қорғау органдары қызметкерлерін қосымша шаралар жасау үшін шақырады.
Тексеру жасаудың негізгі мақсаты - көлік инфрақұрылымында оқыс оқиғаларға апарып соқтыруы мүмкін адамдардың құрылғылар мен заттарды вокзал ішіне алып кіруін болғызбаудан туындап отыр.
-
Елордада цифрландыру аясында жүзеге асқан жобалар жемқорлықты азайта алды ма
-
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
-
13 мыңнан аса азамат 1 наурыздан бастап әскер қатарына шақырылады
-
COVID-19: Британиялық оқушылар жазда сабақ оқуы мүмкін, ал Чехия, Финляндия елдері ТЖ режимін ұзартпақ
-
COVID-19: Ұлыбританияда екпе алғандар саны 15 млн-ға жетті, ал Чехия, Жаңа Зеландия ТЖ режимін ұзартты
-
COVID-19: Қазақстанда вакцина қашаннан бастап егiледi, кiмдер тегiн ала алады
-
Қазақстанда 25 желтоқсаннан бастап карантин енгізіледі
-
Астаналық құрылысшылар Маминнің тапсырмасын орындауға неге құлықсыз
-
Алматы облысы қайта өңдеу өнеркәсіптерін шикізатпен қамтуда көш бастап тұр
-
"Әліппе" оқу бағдарламасына қашан енгізіледі
-
«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы нарығына әсері қандай
-
Астанада қоғам қайраткері Салтанат Рахымбекова атындағы аллея ашылды
-
Шет мемлекеттер карантин шараларын күшейтуде. Қазақстан да қатаң режимдегі карантин енгізуі мүмкін
-
Қазақстандықтар қай елдерге саяхаттай алады, талаптары қандай/Кімдер ПТР тест тапсыруы тиіс
-
17 тамыздан бастап карантиндік шектеу шаралары жеңілдейді: Қандай нысандар ашылады

