- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның Қарулы Күштерінде бригадалық тактикалық оқу-жаттығу өтуде
Қазақстанның Қарулы Күштерінде бригадалық тактикалық оқу-жаттығу өтуде
Оқу-жаттығу жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтіру, жауынгерлік арналым аудандарына марш жасау, сондай-ақ, дағдарыстық ахуалдарды оқшаулау кезінде әскерлердің іс-қимылдары мәселелерін пысықтауға бағытталған. Ниетке сәйкес негізгі міндет оңтүстік стратегиялық бағытта шартты қарулы шиеленісті оқшаулау және жолын кесу барысында дағдарыстық ауданда арнайы әскери іс-қимылдарды өткізу болып табылады.
Әскери бөлімдер жауынгерлік әзірліктің жоғары дәрежесіне келтірілді. Жеке құрам штаттық техникада ұдайы орналасу орындарынан 1 000 шақырымнан жоғары қашықтықта орналасқан полигонға дейінгі ара қашықтықты еңсеріп, құрамдастырылған тәсілмен марш жасады.
Негізгі міндеттен басқа, әскери бөлімдердің қолбасшылығы мен жеке құрамы оқу-жаттығу барысында далалық жағдайларда әскерлерді орналастыру, әскерлер қызметін ұйымдастыру, жауынгерлік күзету, жарақтандыру, ұдайы орналасу пункттерінен қол үзу жағдайларында әскери техниканы бүркемелеу және пайдалану мәселелерін пысықтайды. Оқу-жаттығуға мотоатқыш, инженерлік-саперлік, артиллериялық және танкті құрамалар мен бөлімдер, құрама медициналық взвод, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының байланыс және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімшелері тартылды.
Барлығы шамамен 3 000 әскери қызметші, 150-ден аса бірлік броньды техника, 450-ден астам бірлік дөңгелекті техника және 2 500-ден аса бірлік атқыш қаруы. Әскери техниканың теміржол тәсілімен жылжуы үшін әскери қатынастар органдары техниканы тиеу және түсіруді ұйымдастыра отырып, шамамен 10 эшелон дайындады. Қосымша қатысуға десанттық-шабуылдау батальоны, Шекара қызметі, Ұлттық ұлан, аумақтық қорғаныстың жедел топтары, сондай-ақ, Әуе қорғанысы күштерінің жедел-тактикалық қолбасшылығы тартылды.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
Қазақстанның бейбіт бастамалары -
Тоқаев «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздарымен кездесуге қатысты -
Ықпалды күштер бәсекесі: қарулы қақтығыстан жұмсақ күшке дейін -
Түркістан декларациясы – Қазақстанның дипломатиялық жетістігі -
Педагогтерге алғаш рет «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік наградасы табыс етілді
-
Қорғаныс министрлігінде Қауіпсіздік Кеңесі ведомствоаралық комиссиясының отырысы өтті -
Пандемияға 1 жыл: Қазақстанның денсаулық сақтау саласы өзгерді - дәрігер -
Қазақстанның 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму Жоспары: стратегиялық міндеттер, коронадағдарыс салдарын еңсеру шаралары -
COVID-19 пандемиясы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына қандай өзгерістер алып келді